Қызмет көрсету мерзімі
Тракторшы-машинист куәлігін берген кезде жеке тұлғаның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтіалушы) құжаттары тіркелген сәттен бастап 2 жұмыс күні.
Куәлік жоғалған кезде «Телнұсқа» деген белгімен жаңа куәлік:
Тұрғылықты жері бойынша тіркелген тұлғаларға – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаған сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде;
Көрсетілетін қызметті берушінің куәлік берген тракторшы-машинист куәлігін беру кітабындағы жазба негізінде, көрсетілетін қызметті алушының өтініш берген орны бойынша куәлікті бергені туралы мәліметтер болмаған жағдайда, құжаттарды қабылдаған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде беріледі.
Қызмет құны
0,5 АЕК
https://egov.kz/cms/kk/services/pass031_msh Барлық құжаттар тізімін осы сілтеме бойынша ала аласыз.
Қызмет көрсету мерзімі
Портал арқылы – 1 жұмыс күні
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – 2 жұмыс күні
Қызмет құны
Тракторларды, олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін (арнайы жабдықпен монтаждалған тіркемелерді қоса алғанда), өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін мемлекеттік тіркеу үшін техникалық паспорт бергені үшін – 0,5 АЕК
Тракторларға, олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, олардың тіркемелеріне (арнайы жабдықпен монтаждалған тіркемелерді қоса алғанда), өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне мемлекеттік тіркеу нөмір белгісін бергені үшін – 1 АЕК
Механикалық көлік құралын (бастапқы мемлекеттік тіркеу жүргізілетін көлік құралынан басқа) немесе тіркемені мемлекеттік тіркегені үшін – 0,25 АЕК
Механикалық көлік құралын немесе тіркемені қайта тіркегені үшін – 0,25 АЕК
Механикалық көлік құралын немесе тіркемені мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін – 0,25 АЕК
https://egov.kz/cms/kk/services/pass094_msh Барлық құжаттар тізімін осы сілтеме бойынша ала аласыз.
Қызмет көрсету мерзімі
Машинаның тікелей тұрған жерi бойынша - 10 жұмыс күні ішінде
Машинаны тіркеу пунктіне әкелген кезде - 2 жұмыс күні ішінде
Қызмет құны
Тегін
https://egov.kz/cms/kk/services/pass283_msh Барлық құжаттар тізімін осы сілтеме бойынша ала аласыз.
Қызмет көрсету мерзімі
2 жұмыс күні
Қызмет құны
Жеке тұлғалардан - 1 АЕК
Заңды тұлғалардан - 5 АЕК
Кепілдің тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшін - 0,5 АЕК
https://egov.kz/cms/kk/services/pass069_mu Барлық құжаттар тізімін осы сілтеме бойынша ала аласыз.