Ішек инфекциялары — негізінен асқорыту жолдарын зақымдайтын жұқпалы
аурулардың тұтас тобы. Жіті ішек инфекциялары (ЖІИ) таралуы жағынан жіті
респираторлық аурулардан кейін екінші орында тұр. Аурушаңдықтың шарықтау
кезеңі әдетте жаз мезгіліне сәйкес келеді, дегенмен суық мезгілде де ішек
инфекциялары жиі кездеседі. Бұл кезде ауру көбінесе вирустар арқылы таралады.
Алайда бұл аурулардың ең жиі таралу себебі — ластанған азық-түлік пен судың
ішекке түсуі, ал кішкентай балаларда — лас қол, ойыншықтар арқылы жұғады.
Жаз мезгілінде ЖІИ қоздырғыштарының қоршаған ортада сақталуына және
көбеюіне ерекше қолайлы жағдайлар туындайды. Жаңбыр суымен және еріген
қармен бірге топырақтан шайылып келген лас қалдықтар төгілетін ашық су
қоймалары қауіпті болып саналады. Сондай-ақ ішек инфекцияларының тағам
арқылы таралу қаупі артады. Көбінесе ЖІИ микробтары көкөністер мен жемістер
арқылы жұғады. Әсіресе термиялық өңдеуден өтпейтін көкөністер — салат
жапырағы, қияр, қызанақ және басқа да көкөністер қауіпті болып табылады.
Ішек бактерияларының тіршілік етуіне және көбеюіне ең қолайлы орта — сүт және
сүт өнімдері, суық тағамдар, салаттар мен әртүрлі жартылай фабрикаттар. Ауа
температурасының көтерілуі тез бұзылатын тағамдарды сақтау және сату кезінде
температуралық режимдердің бұзылу ықтималдығын арттырады, бұл өз кезегінде
ЖІИ туындауына себеп болуы мүмкін. Тағам өнімдерінің ластануы жеке гигиена
ережелерінің сақталмауынан (мысалы, қолды жумай) немесе тамақты дайындау,
кулинарлық және термиялық өңдеу кезінде, сондай-ақ тасымалдау, сақтау, сату
ережелері мен мерзімдерінің бұзылуынан орын алуы мүмкін.Микробтар ағзаға енген
сәттен бастап 6-дан 48 сағатқа дейін созылады. Жүрек айнуы, құсу, қызба, іштің
ауыруы, нәжістің босауы - жіті ішек инфекцияның белгілері. Диагноз дәрігерді
уақытылы шақырту арқылы қойылады.
Ішек инфекцияларының алдын алудың негізгі ережелері:
Жеке гигиена ережелерін сақтаңыз: тамақ ішер алдында, дәретханаға, көшеге
барғаннан кейін қолыңызды мұқият жуыңыз;
Балалардағы қолдың тазалығын қадағалаңыз, оларды жеке гигиена ережелерін
сақтауға үйретіңіз;
Қауіпсіз өнімдерді таңдаңыз;
Өнімнің жарамдылық мерзімін қадағалаңыз;
Көкөністер мен жемістерді ағынды сумен, ал балаларға қайнаған сумен
қолданар алдында мұқият жуыңыз;
Қажетті өнімдергемұқият термиялық өңдеуді жүргізіңіз;
Тамақты пісіргеннен кейін бірден тұтыныңыз;
Дайын өнімдерді шыбындардан қорғап, суықта сақтаңыз. Дайын өнімді бөлме
температурасында 2 сағаттан артық қалдырмаңыз;
Азық-түлікті тоңазытқышта дұрыс сақтаңыз: шикі және дайын тағамдардың
жанасуына жол бермеңіз (әр түрлі ыдыста сақтаңыз);
Ас үйді таза ұстаңыз;
Қоқыс жинамаңыз;
Демалысқа шыққанда өзіңізбен бірге таза ауыз суды алып жүріңіз. Ашық
көздерден су ішпеңіз;
Арнайы бөлінген жерлерде ғана шомылыңыз. Су айдындары мен
бассейндерде шомылу кезінде судың аузына түсуіне жол бермеңіз.
Ағымдағы жылдың басынан бері аудан бойынша ЖІИ-ның 1 жағдайы тіркелді.
Науырзым АСЭББ