Тамақтан улану — бұл адамның денсаулығына қауіпті, зиянды микроағзалармен,
олардың токсиндерімен немесе басқа да уытты заттармен ластанған тағам өнімдерін
тұтынудан кейін дамитын жіті (сирек жағдайда созылмалы) ауру.
Уланудың негізгі белгілері: жүрек айну, бірнеше рет құсу, іштің ауыруы және іш өту
(диарея).
Білім беру ұйымдарында мұндай уланудың негізгі себептері болып санитариялық-
эпидемиологиялық талаптардың сақталмауы: тағам дайындау технологиясының
бұзылуы, өнімдерді дұрыс сақтамау, қызметкерлердің жеке гигиена ережелерін
сақтамауы.
Мектеп оқушылары арасында тамақтан уланудың алдын алу мақсатында келесі
шараларды орындау қажет:
Тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатын тек сапасы мен қауіпсіздігін
растайтын құжаттары болған жағдайда ғана қабылдау;
Жылулық өңдеусіз пайдаланылатын өнімдер мен шикі өнімдерді бөлек сақтау
шарттарын сақтау. Әсіресе тез бұзылатын өнімдерді (ет, балық, сүт, қышқыл
сүт өнімдері және т.б.) дұрыс сақтап, уақытылы пайдалану маңызды;
Тағам дайындау технологиясын сақтау;
Дайындалған және таратылған тағам мен аспаздық өнімдердің тәуліктік
сынамаларын стерильді ыдыстарға алып, оларды +2 °C – +6 °C температурада
48 сағат бойы арнайы тоңазытқышта сақтау;
Асхана ыдыстары мен асүй құралдарын жуу және дезинфекциялау
режимдерін сақтау;
Асхана қызметкерлерінің өндірістік және жеке гигиена талаптарын сақтауына
жағдай жасау;
Қызметкерлердің денсаулығын күнделікті бақылау;
Өндірістік үй-жайларда күнделікті жуып-шаю жұмыстарын жүргізіп, арнайы
жуғыш және дезинфекциялық құралдарды пайдалану;
Асхананы қажетті мөлшерде жуғыш және дезинфекциялық заттармен
қамтамасыз ету;
Асхананың барлық бөлмелері мен жабдықтарын үнемі таза күйде ұстау.
Науырзым АСЭББ