Холера — Vibrio cholerae бактериясы қоздыратын жедел ішек инфекциясы. Бұл
ауру, негізінен, ластанған су немесе тамақ арқылы жұғады. Холераның негізгі
белгілері — қатты сулы іш өту, жиі құсу, қалтырау және организмнің шұғыл
сусыздануына әкелетін сұйықтықтың күрт жоғалуы. Ауру жіңішке ішекті
зақымдайды және аса қауіпті инфекциялар қатарына жатады.
Холераның жасырын (инкубациялық) кезеңі 1-ден 5 күнге дейін, көбінесе 2–3 күнге
созылады. Ауру кенет басталып, ішектің қабынуымен, организмнің улануымен,
сусызданумен және ішек арқылы микробтардың бөлінуімен сипатталады.
Науқастың нәжісі «күріш қайнатпасына» ұқсайды: ақшыл, мөлдірлеу, иіссіз немесе
тұщы судың иісіне ұқсас, кейде ішінде сұр түсті ұйынды бөлшектер болады. Ауру
ауыр формада өткен жағдайда бірнеше сағаттың ішінде адам өліміне әкелуі мүмкін.
Диагноз науқастың клиникалық белгілері, эпидемиологиялық жағдай және
зертханалық растау негізінде қойылады.
Холераның алдын алу шаралары мыналарды қамтиды:
жеке бас гигиенасын сақтау — әсіресе тамақ ішер алдында және дәретханадан
кейін қолды мұқият жуу;
тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды қолдану;
тек ресми рұқсат етілген су айдындарында шомылу және судың ауызға
түспеуін қадағалау;
шикі теңіз өнімдерін тұтынбау;
тағамдарды, көкөністер мен жемістерді тек рұқсат етілген сауда орындарынан
сатып алу;
көкөністер мен жемістерді қайнатылған немесе бөтелкедегі сумен мұқият жуу.
Құсу, іш өту, бас ауыруы, бас айналу сияқты белгілер пайда болған жағдайда бірден
дәрігерге қаралу қажет. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмек холераны
тиімді емдеп, ауыр салдардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Науырзым АСЭББ