Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Құжаттар
Қызметі
Онлайн қабылдау
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
31 марта 2025
Азаматтарға арналған мемлекеттік қызмет.

 Тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында 2025 жылғы 28 наурызда Науырзым аудандық мемлекеттік архивтің архивистерімен «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың кәшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша «Қызмет алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет» атты акция өткізілді.
Архивистермен «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың кәшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша парақша құрастырылып, басып шығарылған парақшалар үлестірілді. Аталған парақшаларда осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қызмет алушылар қызмет берушілерге қалай өтініш білдіретінін, оны қалай алуға болады, сонымен қатар веб-портал және ХҚКО арқылы алуға болатыны туралы ақпарат берілді.
Қызмет алушыларға өтініш білдірген кезде қандай құжаттар қажет және мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі туралы ақпарат берілді.
Акция Қараменді селосының тұрғындарының арасында өткізілді. Нақты өңірдің 17 тұрғыны акциямен қамтылды.

26 марта 2025
Тұқымның фитоанализі.

Тұқымдарды фитопатологиялық зерттеу – бұл тұқым материалымен берілетін
қоздырғыштардың сандық және сапалық құрамын зертханалық жағдайда анықтау.
Зертханалық тексеру не үшін қажет? Тұқымдардың патологиясын және оларды
санитарлық талдау әдістерін білу жаңа патогенді қоздырғыштардың тұқыммен таралуын
болдырмауға, егістікте инфекцияның пайда болуын және егіннің шығынын болдырмауға
мүмкіндік береді. Тұқымдарды жұқтыру өну энергиясының төмендеуіне және олардың
өну жылдамдығының төмендеуіне әкеледі. Инфекцияланған тұқыммен себу вегетациялық
кезеңде аурудың өсімдіктерге берілуіне әкеп соғады және сол арқылы жаңа дақылдың
инфекциясын (ластануын) тудыратын ошақтар жасайды. Тұқымдарды фитоэкспертиза
міндетті түрде жүргізілуі керек. Агроном өзі жұмыс істейтін материалды білуі керек.
Тұқымның жан-жақты зақымдану патогенін тұқымға фитопатологиялық анализ
жасап зертханалық жағдайда анықтаймыз. Ол үшін тұқымды стол үстіне жұқалап жайып
сызғышпен төрт бөлікке бөліп аламыз осыдан орташа үлгі аламыз яғни 100 тұқым. Тұқым
өсіру үшін екі қабытты сүзгілі ақ қағазды мөлшері 120*105 см болатындай етіп қағазды
дымқылдап жоғарғы жағынан арақашықтығы 6-7 см тұқымдардың арақашықтығы 2 см
болатындай етіп ұрықшасын төмен қаратып орналастырамыз. Үстіне тағы ылғалды қағаз
жауып , оны ораймыз. Ораманы шыны ыдысқа салып термостатқа қоямыз орташа
температурасы 20-25 градус болу керек. Есепке алу үшін 7-8 күн әрі кетсе 15 күнде
өседі. Науырзым ауданы бойынша фитоанализ қорытындысы гельминтоспориос
ауруларыныың яғни тұқымның ұрықшасы және басқада жерлерінің қараюы анықталды
сонымен қатар фузариоз ауруы саңырауқұлақтар орналасқан тұқым ақ кейде ақшыл
қызыл көгілдір ұлпамен қапталады. Саңырауқұлақ тұқымның қабығында сақталады.
ҚР АШМ АӨК-дегі "Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар
әдістемелік орталығы" РММ Науырзым аудандық филиалы тауар өндірушілермен, және
шаруа қожалықтарының басшыларымен, бірлесіп тұқым материалын фитопатологиялық
талдау бойынша жүргізілген талдау нәтижелерін, және тұқымдарды себу алдындағы өңдеу
бойынша ұсынымдарды бере отырып жұмыс істейді.
Бас фитопатолог Ж.Койбагорова .

26 марта 2025
Су тасқыны кезеңінде инфекциялық аурулардың алдын алу.

Көктемгі су тасқыны кезеңінде инфекциялық және паразиттік инвазиялардың таралу
қаупі артып келеді, олардың дамуына су тасқыны суларының қазба шұңқырларын,
аула дәретханаларын, кәріз және су құбырлары желілерін су басуы ықпал етеді.
Өзендер мен басқа су қоймаларының суына еріген қармен көптеген қоқыстар,
жануарлардың нәжісі және ластанған сулар түсуі мүмкін.
Бұл әсіресе қауіпті егер ауыз сумен жабдықтау көзіне жақын жерде қоқыс
полигондары, мал қорымдары, қоймалар немесе улы химикаттар мен пестицидтер
шығаратын кәсіпорындар болса. Дәстүрлі түрде су тасқыны кезеңі ауыз судың
сапасының нашарлау, бактериялық және вирустық ластану қаупін анықтайды, бұл
іш сүзегі, дизентерия, вирустық және бактериялық этиологияның басқа жіті ішек
инфекциялары (ЖІИ), А вирустық гепатиті, паразиттік аурулар бойынша
эпидемиологиялық жағдайдың асқыну қаупін анықтайды.
Жіті ішек инфекциялары аурудың жалпы клиникалық көрінісіне ие: жиі сұйық
нәжіспен ішектің бұзылуы, іштің ауыруы, құсу, безгегі, дененің интоксикациясы
белгілерімен байланысты жалпы ауру.
Ауыз су мен тұрмыстық мақсатта сапасыз суды қолданудың салдары оны
қолданғаннан кейін бірден пайда болмайды: осылайша жіті ішек инфекциясы
жұқтырғаннан кейін 3-7 күн ішінде дамиды, ал жіті вирустық А гепатитінде ауру
клиникасы бір айдан немесе одан да кейін пайда болуы мүмкін.
Егер сіз судың сапасына күмәндансаңыз, оны қолданар алдында қайнатыңыз.
Есіңізде болсын, су мен тағамды термиялық өңдеу (қайнату арқылы) ықтимал
зиянды микроорганизмдерді, соның ішінде бактериялар мен вирустарды өлтіреді.
Су тасқыны кезінде жұқпалы аурулардан қалай аулақ болуға болады?
 ішу үшін тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды қолданыңыз;
 жеке гигиена ережелерін қатаң сақтаңыз (дәретханаға барғаннан кейін,
жануарлармен байланыста болғаннан кейін, тамақ дайындамас бұрын және
тамақтанар алдында қолыңызды сабынмен мұқият жуыңыз);
 су басқан тағамдарды жеткілікті термиялық өңдеуден кейін ғана жеуге
болады;
 көкөністер мен жемістерді шикі түрде жеген кезде оларды сумен мұқият
жуып, қайнаған суға шарпу керек;
 дайын тағамдарды бөлме температурасында 2 сағаттан артық емес сақтаңыз;

 аумақты және тұрғын үйлерді тазалау, соның ішінде өлексеге айналған
кеміргіштерді жинау қолғаппен жүргізіледі;
 жіті инфекциялық аурудың белгілері пайда болған кезде (дене
температурасының жоғарылауы, құсу, сұйық нәжістің болуы және т.б.) дереу
медициналық көмекке жүгініңіз.

Науырзым АСЭББ

26 марта 2025
Қостанай облысы тұрғындарының электр энергиясын заңсыз ажырату туралы.

2015 жылғы 25 ақпандағы №143 электр энергиясын пайдалану қағидаларының 51-тармағына сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйым Шарттың акцептінде көрсетілген тәсілдермен (электрондық пошта, факс, пошта жөнелтілімі, қысқа мерзімді) хабарлама жіберу арқылы тұтынушыны жазбаша ескертіп, электр энергиясын беруді тоқтатуға (шектеуге) өтінімді энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға жібереді мәтіндік хабарлама, мультимедиялық хабарлама, тұтынушыға (электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланатын тұтынушыға) электр энергиясын жеткізу тоқтатылғанға дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын).

«Электрмен жабдықтаудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 23 қазандағы №356 Бұйрығының 12-тармағына сәйкес сатушы тұтынушыға хабарлама жіберу фактісін растауға мүмкіндік беретін тәсілмен электр энергиясын төлемегені немесе толық төлемегені үшін электр энергиясын беруді тоқтатқанға дейін кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын тұтынушыны хабардар етуге міндетті.

Егер тұтынушы шартта СМС-хабарлама арқылы хабарлама ала алатынын көрсетсе, онда оны осы түрмен хабардар етуге міндетті, егер жоқ болса, онда өнім беруші хабарламаны қағаз жеткізгіште бере отырып, ажырату туралы ескертуге міндетті. Егер тұтынушы ескертусіз электр энергиясынан ажыратылған жағдайда, өңір тұрғыны Қостанай қаласы, Гоголь көшесі 75, 3 қабат, 320 кабинет мекенжайында орналасқан «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ-не электр энергиясын жеткізушіге жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылы, жұмыс телефоны 50-02-60. 

Электр энергиясынан заңсыз ажырату тұтынушылардың құқықтарын бұзу болып табылады және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 5 – бабының 172-бабына (электр және (немесе) жылу энергиясын заңсыз шектеу және (немесе) ажырату) сәйкес лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне-25, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-50 мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-75 АЕК мөлшерінде.

Сондай-ақ, «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 Заңының 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес тұтынушылар энергия өндіруші, энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан жасалған шарттардың талаптарына сәйкес сапасыз электр және жылу энергиясын жеткізбеуден немесе жеткізуден келтірілген нақты залалды (тұрмыстық техниканың істен шығуы) өтеуді талап етуге құқылы.

20 марта 2025
Құрметті Наурзум ауданының тұрғындары мен қонақтары!

Наурыз мейрамы қарсаңында Қараменды ауылында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге ауыл шаруашылығы саласының өкілдері, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтардың иелері қатысады. Жәрмеңкеде ет, сүт, бакалея өнімдері ұсынылады. Жәрмеңкенің ерекшелігі – табиғи өнімдердің сатылымы. Шара 2025 жылдың 22 наурызында өтеді. Өтетін орны: Қараменды ауылы, орталық алаң (әкімдік ғимаратының алдында), басталуы 10:00.

14 марта 2025
Науырзым ауданының эвакуациялық пункттерінің тізбесі
Эвакуациялық пункттердің координаттары
Караменды https://yandex.kz/maps/ru/-/CHFam6zW 
  https://yandex.kz/maps/-/CHFaqF1o 
  https://yandex.kz/maps/ru/-/CHFaq64P 
Шолаксай https://yandex.kz/maps/ru/-/CHFaq0y7 
Уленды https://yandex.kz/maps/ru/-/CHFauCov 
Кожа https://yandex.kz/maps/ru/-/CHFau-7v 
Дамды https://yandex.kz/maps/ru/-/CHFayU1H 
Мереке https://yandex.kz/maps/ru/-/CHFayNya 
Шили https://yandex.kz/maps/ru/-/CHFay6zy 
Буревестник https://yandex.kz/maps/ru/-/CHFayWYP 
Раздольное  https://yandex.kz/maps/ru/-/CHFayTNJ 
13 марта 2025
Қазақстанның МХҚКО-ларында қосымша сервис енгізілді

2025 жылы еліміздің барлық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында «МХҚКО жеке менеджері» сервисі іске қосылды. Аталған сервис қызмет алушыларды басым кезек бойынша қабылдауға мүмкіндік береді, бұл күту уақытын едәуір қысқартады.

 

Жеке менеджер сервисін қолдану үшін МХҚКО ресепшніне жүгіну керек. Ол азаматтарды кезектен тыс қабылдап, көлік құралдарын тіркеу, есепке қою және есептен шығару, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін беру секілді қызметтер бойынша құжаттарды рәсімдейді.

 

Қызмет түрі таңдалғаннан кейін жеке менеджер қажетті құжаттарды толтырып, келісім-шартты әзірлейді және оларды уәкілетті мемлекеттік органға жалпы тәртіппен жолдайды.

 

         «Азаматтарға арналған үкімет» – азаматтармен өзара әрекеттесу сапасын, жылдамдығын және тиімділігін үздіксіз арттыруға басымдық беретін және қызмет алушыларға бағдарланған ұйым.  Азаматтардың жедел қызметке сұранысын ескере отырып, біз 2024 жылы «Жеке менеджер» қызметін алғаш рет Қазақстанның төрт қаласында пилоттық режимде іске қостық, ал 2025 жылдан бастап аталған сервис елдегі барлық МХҚКО-ларда енгізілді», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.

 

         Айта кетейік, «МХҚКО жеке менеджері» сервисі алғаш рет пилоттық жоба ретінде Астана, Алматы, Шымкент, Орал қалаларында енгізілді. Жарты жыл ішінде жоба өзінің тиімділігін дәлелдеп, ел ішінде қолдану аясы кеңейтілді.

        

Еске салайық, МХҚКО-ларда құжаттарды дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды. Сенбі күні кезекші МХҚКО-лар 9:00-ден 12:00-ге дейін жұмыс істейді.

12 марта 2025
Эхинококкоздың алдын алу

Эхинококк – адам организмі үшін өте қауіпті гельминт. Эхинококк адамда
эхинококкоз ауруын тудырады.Эхинококкоз – бұл адамның ағымы ауыр сырқаты.
Бұл аурудың қоздырғышы – зоонозды биогельминтоз, қоздырғыштың ауызша
берілу механизмі бар, ол ағзаның аллергиясымен және көбінесе бауырдың, өкпенің
және түтікшелі сүйектердің зақымдалуымен сипатталады, онда паразиттердің
дернәсілдері бар көптеген кисталық түзілімдер пайда болады. Эхинококкоз ауруы
көбінесе мүгедектікке әкеледі, ал асқынған жағдайларда ол өліммен аяқталады.
Адамдар жұқпаны ауырған жануарлармен (иттер, ірі қара және ұсақ мал, жабайы
жыртқыштар) байланыс кезінде, жабайы жидектер мен шөптерді жинап жеген
кезінде, гельминт жұмыртқасынмен ластанған бұлақтардың суын пайдалану кезінде,
жабайы жануарлардың терісін сыдырған және өңдеу кезде жұқтырып алуы мүмкін.
Иттер эхинококкоз ауруын құрт өсінділерімен зақымданған жануарлардың ішкі
мүшелерін жегенде жұқтырып алады. Аурудың берілу факторлары - лас қолдар,
кейде көкөністер, жемістер, шөптер. Эхинококкозды жұқтыру қаупі жоғары топқа
ауыл тұрғындары, аңшылар, иттермен байланыста болған адамдар және балалар
жатады.

Эхинококкозбен зақымдану үй ауласында серуендеу кезінде ауру иттердің
жүндеріндегі эхинококкок құртарын жұқтырып алған сау иттер арқылы болатынын
да әрқашан есте ұстаған жөн. Жеке бас гигиенасы ережесін сақтамаудан паразит
жұмыртқасы тағаммен немесе сумен ішке өтеді. Бала итпен немесе эхинококкоз
қоздырғыштерымен ластанған ойыншықтармен ойнаған кезде, осы паразиттің
жұмыртқасы аузына түсуі мүмкін. Егерде бір бөлмеде итпен бірге мысық болса,
оның жүні де гельминт жұмыртқасымен зақымдануы мүмкін.
Аурудың белгілері таспа құрттың орналасуына байланысты болады. Бауырды
зақымдаған кезде сарғаю пайда болуы мүмкін, оң жақ қабырғаның астында ауырлық
сезімі, бауырдың ұлғаюы, оң қол мен арқаға берілетін ауырсыну байқалады. Паразит
өкпеде болған кезде ентігу, қан түкіру, кеуденің ауырсынуы, жөтел пайда болады.
Эхинококкоз диагнозы зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін
(ультродыбыстық зерттеу, рентгенография, компьютерлік томография) қолдану
арқылы анықталады. Эхинококкозды емдеу тек хирургиялық әдіспен жүзеге
асырылады. Емдеуден кейін эхинококкозбен ауыратын науқастар диспансерлік
есепте тұруы керек.
2023 жылы Науырзым ауданы аумағында эхинококкоздың 1 жағдайы тіркелді, 2024
жылы және осы жылдың алғашқы екі айында эхинококкоз жағдайлары тіркелген
жоқ.
Паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу мақсатында
мынадай алдын алу шаралары сақталуы тиіс.
Жануарлармен жұмыс істейтін жануарлардың иелері оларды үнемі
дегельминтизациялауы керек. Үй жануарларын серуендету кезінде жануардың
нәжісін жинау және оларды арнайы контейнерлерде жою міндетті болып табылады.
Жеке гигиена ережелерін ұстану:
 Жануарлармен байланыста болғаннан кейін, үйге оралғаннан кейін,
дәретханадан кейін, тамақ дайындамас бұрын қолыңызды сабынмен жуу
керек. Балаларға қол жуу ережелерін үйрету маңызды.
 Үй жануарларының серуендеу кезінде кеміргіштерді аулауына жол бермеңіз.
 Иттердің нәжісімен ластанған тағамды немесе суды тұтынбаңыз.
 Үйде қой мен басқа да ауылшаруашылық жануарларын союды шектеңіз.
 Түлкілер сияқты жабайы жануарлармен, сондай-ақ қаңғыбас иттермен
байланыста болудан аулақ болыңыз.
Жеке гигиена ережелерін ұстаныңыз, денсаулығыңызды сақтаңыз!

Науырзым АСЭББ

12 марта 2025
Сібір жарасын алдын алу.

Сібір жарасы - лимфа түйіндерінің ұлғаюымен, қызба және интоксикациямен
сипатталатын жедел бактериальды зоонозды инфекциялық ауру, көбінесе тері
жамылғысында көрініс береді, өкпе мен ішектерде сирек сепсис түрінде өтумен
кездесетің аса қауіпті ауру.
Инфекцияның қоздырғышы - микробиология әлеміндегі алып-бацилла. Микробтың
күшейтілген капсуламен спора түзуге қабілетті екендігінде оның қауіптілігі жатыр -
бұл формада бацилла әртүрлі әсерлерге төзімді болады және оның қаупі бірнеше есе
артады, споралар түрінде ол жерде бірнеше ондаған жылдар бойы өміршең бола
алады.
Зақымдану ауру малдарды күту, малды сою, етті өнімдеу, сондай ақ, сібір жарасы
микробтардың спораларымен тұқымдалған мал шаруашылығы өнімдермен (тері,
тері бұйымы, жүн, қылшық) түйіскен жағдайда пайда болу мүмкін.
Адам жануарды күтіп баптау, мал сою, бөлшектеу, терісін сыдыру кезінде жарақат
алғанда жұқтыруы мүмкін. Сонымен қатар ет, сүт өнімдерін пайдалану барысында
және жүн теріні өңдеу барысында ауа-шаң жолымен де жұғады.
Ауру 95-97% жағдайда жергілікті (теріде) түрде өтіп, терідегі инфекцияның түскен
жерінде қызыл дақтың пайда болуымен жедел басталады, дақ пустулаға кейін қара
қабықшамен қапталған айналасы қызарған жараға айналады. Дене қызуы бірінші
күннің соңында 39-40ºС-ге дейін көтеріліп, 5-7 күн сақталады.
Алдын алу шаралары:
 Жабайы жануарлармен байланыста болудан аулақ болыңыз
 Ет өнімдері мен теріні қолыңыздан және тексерілмеген жерлерден сатып
алмаңыз.
 Ауыл шаруашылығы малдарын, әсіресе жеке иеліктегі малдарды уақытылы
сібір жарасына қарсы егу.
 Сібір жарасының алдын алуда ауыл шаруашылығы жануарларының
аурушаңдығының алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар басты маңызға
ие. Анықталған ауру жануарларды оқшаулау керек, ал олардың мәйіттерін
өртеу керек, жұқтырған заттарды (қора, жем және т.б.) зарарсыздандыру
қажет.
 Кәсібіне байланысты сібір жарасымен ауру қауіптілігі жоғары адамдар
(ветеринариялық маман, малды сою алдында ұсталатын орында жұмыс
жасайтын, мал сойып, терісін сыдырып, етін бөлшектейтіндер және т.б.) сібір
жарасына қарсы екпеден бас тартпаулары керек.

2024 жылы Қазақстан Республикасында сібір жарасының 20 жағдайлары тіркелді,
оның ішінде қайтыс болғандар – 0. Науырзым ауданы аумағында сібір жарасы
жағдайлары тіркелген жоқ.

Науырзым АСЭББ

12 марта 2025
Сальмонеллездің алдын алу

Сальмонеллез - бұл асқазан-ішек жолына әсер ететін жіті жұқпалы ауру.
Инфекцияның қоздырғыштары - сальмонелла тұқымдасына жататын
микроорганизмдер. Инфекция көзі - ауру адам немесе үй жануарлары, сондымен
қатар бактерия тасымалдаушылары. Адам инфекцияны науқаспен байланыста
болған кезде немесе сальмонелламен ластанған тағамдарды (негізінен жұмыртқа,
құс еті, сүт өнімдері, сондай-ақ көңмен ластанған көкөністер, жемістер) жеген кезде
жұқтырады.
Азық-түлік өнімдердің сальмонеллалармен ластануының себептері әртүрлі.
Қоғамдық тамақтандыру орындарына немесе сіздің үстеліңізге сальмонеллалармен
себілген өнімдер (алғашқы себу) түсуі мүмкін. Мұндай өнімдерге ет, сүт, құс еті,
жұмыртқа, балық жатады.
Инфекцияның тамақтану жолындағы инкубациялық кезең 6 сағаттан 3 тәулікке
дейін. (көбінесе 12-24 сағат). Инфекцияның байланыс және тұрмыстық жолымен
инкубациясы 7 күнге дейін созылады. Әдетте ауру жедел басталады, дене қызуы
көтеріледі (ауыр түрінде 39°C және одан жоғары), жалпы әлсіздік, бас ауруы,
қалтырау, жүрек айну, құсу, ішек және кіндік аймағында ауырсыну пайда болады,
кейінірек нәжістің бұзылуы қосылады. Сальмонеллезді емдеу міндетті түрде
дәрігердің бақылауында болуы керек. Сальмонеллез ауыр клиникалық түрінде
болуы мүмкін және зардап шеккен адамдар міндетті түрде инфекциялық ауруханаға
жатқызылуы керек.
Адамдар арасында сальмонеллездің алдын алудың негізін мал мен құсты сою
процесінде тиісті жағдайларды, ұшаларды өңдеу технологияларын қамтамасыз
етуге, сондай-ақ тамақ өнеркәсібі мен қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында
санитариялық режимді сақтауға бағытталған ветеринариялық-санитариялық іс-
шаралар құрайды.
Сальмонеллезден қалай қорғануға болады?
1. Дәретханаға барғаннан кейін және тамақтанар алдында қолыңызды сабынмен
мұқият жуыңыз;
2. Тез бұзылатын тағамдарды сақтау шарттарын қатаң сақтаңыз;
3. Шикі азық-түлік пен дайын тағамды бөлек сақтаңыз, тауарлық көршілестікті
сақтаңыз;
4. Рұқсат етілмеген сауда орындарында ет, етті өнімдер, құс еті, жұмыртқа, сүт
өнімдерін сатып алмаңыз;
5. Жартылай шикі тағамдарды жеуге болмайды, ет пен құсты тағамдарды
дайындаған кезде температура режимін сақтаңыз;
6. Дүкеннен әкелген бойда жемістерді, көкөністерді, қарбыздар мен қауындарды,
сондай-ақ тауық жұмыртқаларын ағынды сумен мұқият жуыңыз;.

2023, 2024 жылдары және осы жылдың алғашқы екі айында Науырзым ауданы
аумағында сальмонеллез жағдайлары тіркелген жоқ.

Науырзым АСЭББ

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы