«Бекітемін» Іс-шараларды ұйымдастырушы
Комиссия төрағасы, және үйлестіруші:
әкімнің орынбасары Науырзым ауданы әкімдігінің
Науырзым ауданы жанындағы кәмелетке
________А.Т. Тілеубергенов толмағандардың істері және
"__" ________2026 г. олардың құқықтарын
қорғау жөніндегі комиссиясы
Кешенді жоспарды
дайындаған
комиссия инспекторы
__________А. Е. Мажгулова
Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы өзара іс қимылын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді шаралар
Жоспары
Жұмыс принципі:
- мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимылы заңдылықты сақтау қағидаттарына негізделеді және профилактикалық іс-шараларды жүргізу барысында алынған мәліметтердің құпиялылығымен қамтамасыз етіледі.
Мақсаты:
- кәмелетке толмағанды құқық бұзушылықтардан ересек балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын бұзудан сақтау.
Міндеттері:
- құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептерді анықтау және жою жолымен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған әлеуметтік және құқықтық шараларды ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.
Өткізу уақыты:
- Тоқсанына 1 рет. Бірлескен жұмыстың басталуы 1 тоқсан. Ақпан, 2026 жыл.
Қатысушылар:
- Науырзым ауданының полиция бөлімі;
- Науырзым ауданының білім бөлімі;
- Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
- Аудандық аурухана;
- Аудан мектептері;
- Ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдіктері.
- ЖРО
|
№ |
Іс - шаралар
|
Құжаттар, іс-шаралар материалдары |
Күні Материалдарды тапсыру |
Жауаптылар
|
Өткізу күні, әлеуметтік және желілерде ақпарат. |
|
Бірінші квартал |
|||||
|
1. |
Қоғамдағы және отбасындағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу Әлеуметтік педагогтарға арналған Семинар: Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрінің алдын алу Балалар мен жасөспірімдердің өтініштеріне көмек көрсету Ата-аналарға арналған тренингтер: Онлайн қауіпсіздік Ақпараттық блок: "Зорлық-зомбылық жоқ!!!» Жеке, топтық жұмыстар: Қауіпсіздікті оқыту |
* Бейне ролик * Семинар конспектілері * Тренинг рефераттары * Буклеттер, оқу плакаттары |
15 ақпан 2026 ж. |
Полиция бөлімі
Білім бөлімі
Аудандық аурухана
ЖРО |
15- 28 ақпан 2026 ж. |
|
Екінші квартал |
|||||
|
2. |
Балалардың суицидтік және аутоагрессивті мінез-құлқының алдын алу және түзетуАта-аналар жиналысы:Суицид белгілері және балалардың суицидтік мінез-құлқының алдын алу.Тәрбиешілер мен ата-аналарға арналған ұсыныстар:суицид қаупі бар екенін және не істеу керектігін. Қалай түсінуге болады?Мұғалімдерге арналған семинар13-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге суицидтік мінез-құлықтың қандай ерекшеліктері тән?Ақпараттық блокЕсіңізде болсын, балалар кенеттен шешім қабылдайды! |
* Бейне ролик
* Семинар конспектілері
* Ұсыныс конспектілері
* Буклеттер, оқу плакаттары |
15 сәуір 2026 ж. |
Полиция бөлімі
Аудан мектептері
Аудандық аурухана
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі |
15 - 28 сәуір 2026 ж. |
|
Үшінші квартал |
|||||
|
3. |
Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігінің алдын алу Ақпараттық блок Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігі бойынша ата-аналарға арналған жадынама Мектептер сайтында Оқушыларға арналған жадынама: «бес ереже», «мүмкін емес», «үйге бейтаныс адамды кіргізбе!!!», «Сіздің үйіңіздегі мінез-құлық ережелері», «Бейтаныс адам Сізге жабысып қалса не істеу керек», «Жәбірленуші бола алатын ең қауіпті орындар», «Бөгде адамдармен қажетсіз әңгімелер». Ата-аналардың құқықтық білім бұрышы Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың алдын алу. Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері бойынша оқушыларға құқықтық білім беру Тренинг Кәмелетке толмағандармен әңгімелесу «Біздің арамызда қыздар бар» Кеңес беру «Ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас туралы», «Ерте жыныстық өмір сүрудің құқықтық және медициналық салдары» |
*Бейне ролик
* Семинар конспектілері
* Ұсыныс конспектілері, тренингтер, консультациялар
* Буклеттер, оқу плакаттары
* Жадынамалар
* Құқықтық білім бұрышының материалдары
|
15 қыркүйек 2026 ж. |
Полиция бөлімі
Білім бөлімі
Аудандық аурухана
Ауыл әкімдіктері |
15 - 28 қыркүйек 2026 ж. |
|
Төртінші квартал |
|||||
|
4. |
Балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу Мұғалімдерге арналған семинар: Балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу Балаларға арналған тренинг: Балаларды жас кезінен бастап жол қозғалысы ережелеріне үйрету. Ата-аналарға арналған тренинг: Балаларды жас кезінен бастап жол қозғалысы ережелеріне үйрету. |
* Бейне ролик
* Семинар конспектілері
* Тренинг рефераттары
* Буклеттер, плакаттар
|
15 қараша 2026 ж. |
*Бейне ролик
* Семинар конспектілері
* Тренинг рефераттары
* Буклеттер, плакаттар |
15 - 28 қараша 2026 ж. |
Негізі:
2026 жылғы 16 қаңтарда комиссия отырысында талқылау және қабылдау
«Бекітемін»
Комиссия төрағасы,
Науырзым ауданы
әкім орынбасары
__________А. Тілеубергенов
"___" _________2026 ж.
Науырзым ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар комиссии және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының
«Құқықтық сауаттылық күні»
Қазақстан Республикасының Заңдарын, яғни «Бала құқықтары туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» іске асыру мақсатында 2026 жылғы 10 наурызда сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін «Құқықтық сауаттылық Күні» Науырзым ауданы әкімдігінің жанындағы Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері өткізеді кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша азаматтарға тегін көмек көрсету.
Іс-шара бойынша ақпарат
|
Аты жөні |
Лауазымы |
Мекен жай |
Азаматтарды қабылдау уақыты |
|
Мажгулова Алмагүл Елтайқызы |
Кәмелетке толмағандар комиссии және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия Инспекторы |
Караменды а. Шакшак Жанибека көшесі 1 |
сағ.16.00.-17.30. |
|
Коржұнбаев Алишер Азаматұлы |
«Науырзым ауданының полиция бөлімі» ММ аға учаскелік инспекторы |
Караменды а. Аблайхана көшесі,23 т.21-4-45 |
сағ.10.00-12.00 |
|
Полевой Руслан Асланұлы |
Науырзым ауданы прокуратурасының прокуроры |
Караменды а. Аблайхана көшесі,21 |
сағ.16.00.-17.30. |
Басқармамен 2025 жылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету.
2025 жылы Науырзым аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Е-лицензиялау» порталы арқылы 21 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- эпидемиялық маңызы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру – 12,
- қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру – 9.
Тұрғындармен ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстары жүргізілуде. 5 семинар өткізілді, Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде 38 материал жарияланды, әлеуметтік желіде 2 тікелей эфир өткізілді, Ашық есіктер күні және басқарма басшысымен мемлекеттік қызметтер сұрағы бойынша жеке қабылдау жүргізілді.
2025 жылдың санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг нәтижесі.
Халық денсаулығы мен мекендеу ортасының жай-күйіне, оларды талдауға, сондай-ақ халық денсаулығының жай-күйі мен мекендеу ортасының әсері арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтауға, 2025 жылы Науырзым аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен зертханалық және аспаптық зерттеулердің (өлшеулердің) көмегімен қоршаған ортаға санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізді. 2025 жылы келесі санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг түрлері жүргізілді:
Орталықтандырылған су жүйесі сапасына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг: Қарамеңді а., Шолақсай а., Раздольное а., Буревестник а. орталықтандырылған су құбырларынан микробиологиялық көрсеткіштерге 100 сынама, санитарлық-химиялық көрсеткіштерге 100 сынама, ауыр тұз металлдары көрсеткіштеріне 16 сынама алынды. Буревестник а. су құбырынан микробиологиялық көрсетіштер бойынша 5 сынамасында, санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша 5 сынамасында сәйкессіздіктер анықталды. Осыған байланысты «Науырзым-сервис» ЖШС-ке 20.11.2025 жылы шығ.№23-33/31-02-09-488 ұсыным хат жіберілді.
Орталықтандырылмаған су жүйесі сапасына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг: бұлақ суы және қоғамдық құдықтардан микробиологиялық көрсеткіштерге 46 сынама, санитарлық-химиялық көрсеткіштерге 46 сынама, ауыр тұз металлдары көрсеткіштеріне 46 сынама алынды. Дәмді а. бұлақ суынан, Өлеңді а., Шилі а., Шолақсай а. құдықтарынан микробиологиялық көрсетіштер бойынша 4 сынамасында, санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша 5 сынамасында сәйкессіздіктер анықталды. Ауыл және ауылдық округтер әкімдеріне ұсыным хаттар жіберілді.
Атмосфералық ауаға санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг: Абай к-сі «Науырзым-сервис» ЖШС қазандығы орналасқан ауданындағы тұрғын үй құрылысы нүктелерінде 60 өлшеу жасалды. Сәйкессіз 9 сынамалар анықталды.
Топырақтың жағдайына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг: Орталықтандырылған су құбырларының санитариялық-қорғаныш аймақтары және су объектілерінен микробиологиялық көрсеткіштерге 18 сынама, санитарлық-химиялық көрсеткіштерге 18 сынама, ауыр тұз металлдары көрсеткіштеріне 18 сынама алынды, паразитологиялық көрсеткіштерге 18 сынама, радиологиялық көрсеткіштерге 1 сынама алынды. Сәйкессіз сынамалар анықталған жоқ.
Су объектілеріне санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг: Дана-Бике ө., Қарасу ө. микробиологиялық көрсеткіштерге 6 сынама, санитарлық-химиялық көрсеткіштерге 6 сынама, паразитологиялық көрсеткіштерге 6 сынама алынды. Сәйкессіз сынамалар анықталған жоқ.
Электромагниттік өрістің жағдайына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг: Ш. Жәнібек к-сі «Қазақтелеком» АҚ нүктелерінен 108 өлшеу жасалды. Сәйкессіз сынамалар анықталған жоқ.
Көше шуының жағдайына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг: Әулиекөл-Жолдама автожолы, 34 бұрылыстағы 6 нүктеден 12 өлшеу жасалды. Сәйкессіз сынамалар анықталған жоқ.
Кейбір шай атауларына қатысты уақытша санитариялық шаралар енгізілді
Науырзым аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 5 қаңтардағы № 1-ПГСВ қаулысымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілердің, Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (021/2011 КО ТР), «Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздігі талаптары» (029/2012 КО ТР), «Тамақ өнімдерін қаптамалау бөлігінде» (022/2011 КО ТР) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін шайды әкелуге және сатуға тыйым салынғаны туралы хабарлайды.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі саласында бақылау мақсатында сатып алу және сараптама жүргізу барысында құрамында тағамдық бояғыштар (сары «күн батуы» (E110), тартразин (E102), понсо 4R (E124)) бар қара шайдың өндіріліп, сатылу фактілері анықталды, оларды шайда қолдануға рұқсат етілмейді.
Бұдан бөлек, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі саласындағы тергеулер барысында шай қаптамаларында шай өндірісі мен қапталуында расталмаған мекенжайлардың көрсетілгені анықталды, бұл қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарының жоқтығын көрсетеді.
Осыған байланысты, келесі қара шай атауларының әкелінуі мен сатылуына тыйым салынды:
- «Апамның шәйі Premium gold», «Al-Hayat» Golg, «БАЛҚИЯ Premium gold», өндірушісі «Orda Trade Astana» ЖШҚ (Алматы облысы) өндірісі;
- «Sultan Suleyman», «Pakistan tea», өндірушісі «Real Trade Astana» ЖШҚ (Астана қ.)
- «БАЛҚИЯ Premium gold», өндіруші «Аль-Хадия» ЖҚ (Алматы қ.);
-«Aje Onim», өндіруші «Орда Чай» ЖҚ (Алматы қ.) «Кальций» ЖШС тапсырысы бойынша:
- «Al-Hayat» Golg, өндіруші «Empire KENIY E.P.Z. Limited» (Алматы облысы);
- «Al-Jannat Premium», өндіруші «Ferdaus» ЖҚ (Алматы қ.);
- «Alfarah» (өндірушісі қаптамада көрсетілмеген).
Толық ақпаратты Комитеттің сайтынан алуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/documents/details/945828?lang=kk
Құрметті Науырзым ауданының тұрғындары!
2026 жылғы 20 қантарда Науырзым ауданының әкімі М.Ө. Ихтиляповтың азаматтарды жеке қабылдауы өтеді.
Өткізу орны аудан әкімдігінің ғимаратында 1 қабатта.
Басталуы сағат 10:00-де
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Жаңа жыл мерекесіне байланысты 2026 жылғы 1–2 қаңтарда, сондай-ақ 7 қаңтар күні халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс істемейтінін хабарлайды.
3 қаңтар, сенбі күні, кезекші ХҚКО мен МХҚКО үшін жұмыс күні болып табылады. Азаматтарды қабылдау 09.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
5 және 6 қаңтар жұмыс күндері болып саналады. Бұл күндері еліміздегі барлық ХҚКО мен МХҚКО әдеттегі кесте бойынша 09.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсетеді.
Еске сала кетейік, халыққа қызмет көрсету орталықтары, соның ішінде мамандандырылған орталықтар, жұмыс күндері 09.00-ден 18.00-ге дейін азаматтарды қабылдайды. Кезекші ХҚКО мен МХҚКО дүйсенбіден жұмаға дейін 09.00-ден 20.00-ге дейін, ал сенбі күні 09.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.
А.ж. 25 желтоқсанында Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдар арасында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша 2025 жылдың үздік қызмет көрсетушісін айқындау жөніндегі іс-шараларды өткізу туралы ұсынысына сәйкес, Науырзым ауданы әкімдігінің ведомстволық бағынысты ұйымдары арасында аудандық акция өткізілді.
Аталған акция аясында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізген үздік қызмет көрсетушілер анықталып, Науырзым ауданы әкімінің грамоталарымен марапатталды.
Атап айтқанда, 2025 жылғы «Үздік қызмет көрсетуші» аудандық акциясына белсенді қатысқаны және кәсіби шеберлігі үшін:
– «Науырзым ауданы сәулет, құрылыс және қала құрылысы» ММ бас маманы Төлеу Жұмағұлқызы Кенжеғалиева,
– «Науырзым ауданы Буревестник ауылы әкімінің аппараты» ММ бас маманы Юлия Валерьевна Малова,
– «Науырзым ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бас маманы Шығыс Нұрқатұлы Ташмағамбетов марапатталды.
Марапат иелерін жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтай отырып, келе жатқан Жаңа жылмен және жыл аяқталуымен құттықтаймыз! Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, алдағы уақытта да халыққа сапалы әрі қолжетімді мемлекеттік қызмет көрсету жолында жаңа жетістіктер тілейміз. 🎉🎄
#Науырзым #НауырзымАуданы #ҮздікҚызмет2025 #МемлекеттікҚызмет #ҚызметСапасы #ҮздікҰйым #НауырзымӘкімдігі #Мемқызмет2025 #ҚызметАлушыларғаҚамқорлық #СапалыҚызмет #BestService2025
Ақпараттық хабарлама
Науырзым ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасының жер кодексінің 43-1 бабына және Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын сәйкес, 2026 жылғы 9 ақпанда сағат 11.00-де Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Қараменді ауылы, Шакшак Жанибек к-сі, 1, (3 қабат, мәжіліс залы) мекен-жайы бойынша, ауыл шаруашылығы немесе ауылшаруашылық өнімдерін уақытша ақылы жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және ресімдеу 2026 жылғы 19 қаңтардан бастап 2026 жылдын 6 ақпанға дейін (қабылдау уақыты 9.00-ден 18.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін) 15 жұмыс күні ішінде өткізіледі. «Науырзым ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мына мекен-жай бойынша: Қостанай облысы, Қараменді ауылы, Шакшак Жанибек к-сі, 1, 112 к. (1 қабат). Конкурсқа қатысуға өтінім қағаз жүзінде немесе электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініш берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін беріледі. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ұсынылатын конкурсқа қатысуға өтінімдерге сәйкес, конкурсқа қатысуға арналған конкурстық ұсыныстар ұйымдастырушыға белгіленген мерзімнің соңына дейін, басталған күннен бастап, он бес жұмыс күні ішінде беріледі. Конкурсқа шығарыланатын ауыл шарушылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізімі
|
№ лота |
Учаскенің орналасқан жері (елді мекеннің шегінен тыс) |
Алаңы, га. |
Алқаптардың құрамы |
Банитет балы |
Топырақтың сапалық сипаттамасы |
Сумен қамтамасыз етілуі |
Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы |
||
|
егістік |
жайылымдар |
шабындық |
|||||||
|
1 |
Карамендинский с/о |
101,5 |
|
|
101,0 |
26 |
қызылқоңыр |
жоқ |
Мал шаруашылығы |
|
2 |
Карамендинский с/о |
101,4229 |
|
|
101,0 |
27 |
қызылқоңыр |
жоқ |
Мал шаруашылығы |
|
3 |
с. Раздольное |
39,2 |
39,0 |
|
|
25 |
қызылқоңыр |
жоқ |
Өсімдік шаруашылығы |
|
4 |
с. Раздольное |
827,5 |
|
822,0 |
|
26 |
қызылқоңыр |
жоқ |
Мал шаруашылығы |
|
5 |
с. Кожа |
342,1 |
|
341,0 |
|
25 |
қызылқоңыр |
жоқ |
Мал шаруашылығы |
|
6 |
с. Шолаксай |
171,7 |
171,0 |
|
|
26 |
қызылқоңыр |
жоқ |
Өсімдік шаруашылығы |
Конкурстық құжаттама туралы ақпаратты http://naurzum.kostanay.gov.kz веб-сайтынан алуға болады.Ақпарат үшін телефон 8 (71454) 21-5-26.