Меню

Страницы

Статья

Науырзым ауданының ауыл және ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2021 жылғы 25 шілдеде Науырзым ауданының ауыл және ауылдық округ әкімдерінің сайлауы төрт сайлау округтері бойынша өтті.

            Науырзым аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабы 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Науырзым ауданының ауыл және ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Дәмді сайлау округі

Дәмді ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 383 азамат енгізілді, оның ішінде 341 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны– 2 , «Бәріне қарсымын» деген жолда белгісі бар - 9.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

            Ахметов Ж.Қ. – 26; Байділдинов Қ.Қ. – 16; Оразбаев С.Ғ. – 288.       

Дәмді  ауылдық  округінің  әкімі болып Сағындық Ғалымжанұлы Оразбаев сайланды, 1961 жылғы дүниеге келген, Науырзым ауданы Дәмді ауылдық округінің әкiмi, Науырзым ауданының Дәмді ауылында тұрады, Қостанай облысы бойынша "Nur Otan" партиясы" аудандық бірлестігінің өңірлік филиалымен ұсынылды.

Раздольный сайлау округі

Раздольный ауылының әкімін сайлауы бойынша:

            Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 352 азамат енгізілді, оның ішінде 276 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 3 , «Бәріне қарсымын» деген жолда белгісі бар - 16.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

            Әлмағанбетов Е.К. – 244; Кенжебаев Б.Ш. – 13.

Раздольный ауылының әкімі болып Ерлан Кәкімұлы Әлмағанбетов сайланды, 1976 жылғы дүниеге келген, Науырзым ауданы Раздольный ауылы әкiмi, Науырзым ауданы Раздольный ауылында тұрады, Қостанай облысы бойынша "Nur Otan" партиясы" аудандық бірлестігінің өңірлік филиалымен ұсынылды.

                                                    Науырзым сайлау округі

 Қожа ауылының әкімін сайлауы бойынша:

            Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 255 азамат енгізілді, оның ішінде 211 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 1, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгісі бар - 8.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

            Қаскырбаева Ж.С. – 16; Күйекбаева А.Ә. – 186.

Қожа ауылының әкімі болып Айгүл Әлімғазықызы Күйекбаева сайланды, 1974 жылғы дүниеге келген, Науырзым ауданы Қожа ауылының әкiмi, Науырзым ауданы Қожа ауылында тұрады, Қостанай облысы бойынша "Nur Otan" партиясы" аудандық бірлестігінің өңірлік филиалымен ұсынылды.

Буревестник сайлау округі

Буревестник ауылының әкімін сайлауы бойынша:

            Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 573 азамат енгізілді, оның ішінде 442 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 5, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгісі бар - 12.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

            Дадаев А.Ш. – 362; Каргулов Ж.Т. – 63.

Буревестник ауылының әкімі болып Азамат Шерваниұлы Дадаев сайланды, 1992 жылғы дүниеге келген, «Науырзым ауданы Раздольный ауылы әкiмiнiң аппараты» ММ бас маманы, Науырзым ауданы Раздольный ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.

 

            Науырзым аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес,  2021 жылғы 27 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған Науырзым ауданының ауыл және ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.

 

 

                                              

Науырзым аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
27 июля 2021
Дата обновления
27 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
30 апреля 2024
«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
Ақпарат
30 апреля 2024
2023 жылдың қорытындысы бойынша "БЖЗҚ" АҚ-ның салымшыларды (алушыларды) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабардар ету жөніндегі жыл сайынғы науқаны
Ақпарат
29 апреля 2024
"Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасын іске асырудың алғашқы 2 айындағы жас қазақстандықтардың нысаналы жинақтарын пайдалану нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары