Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Құжаттар
Қызметі
Онлайн қабылдау
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
Раздольное ауылының әкімі болуға кандидаттар
26 мая 2025

Буревестник, Қожа, Раздольное ауылдары әкімдерінің сайлауы - 2025 жылғы 15 маусым
Буревестник, Қожа, Раздольное ауылдары әкімдерінің сайлауы - 2025 жылғы 15 маусым
07 мая 2025
Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Сыбайлас жемқорлық картограммасы
24 апреля 2025

 

 

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшылары үшін цифрлық форматта тағы бір жаңа қызмет енгізді
27 февраля 2025

"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) өз салымшылары үшін жаңа цифрлық қызметтерді
ұсынуын жалғастыруда. Жыл басынан бері әрбір салымшы мен алушының жинақтау тарихындағы
негізгі оқиғалар туралы ақпарат беретін Push-хабарламалардың жаңа цифрлық қызметі сәтті іске
асырылды. Қазіргі уақытта бұрын іске асырылған зейнетақы жарнасының түскендігі туралы
хабарламаларды жіберумен қатар мынадай маңызды оқиғалар бойынша хабарламалар жолдана
бастады:
- жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қосылуы, яғни жеке зейнетақы шотының ашылғандығы;
- 18 жасқа толуы;
- зейнет жасына толуы, сәйкесінше, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы
төлемдерін алу құқығының туындауы;
- ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы төлемін алу құқығының туындауы;
- міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы төлемін алу құқығының
туындауы;
- зейнетақы жинақтарының жеке жоспарын іске асыру мониторингі;
- туған күнмен құттықтау
Push-хабарламалар - Қор салымшыларына БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы және enpf.kz
сайтындғы жеке кабинет арқылы жіберілетін қысқаша мәлімдеме.
Ұсынылған сервистерді БЖЗҚ мамандары салымшылардың қалауы мен ең көп сұранысқа
ие зейнетақы қызметтерін зерделеу негізінде әзірледі. Қордың меншікті сараптау жүйесі (ACRM)
арқылы ауқымды көлемдегі деректерді талдау және өңдеу, алушыларды іріктеу, Push
хабарламаларды қалыптастырып, жіберу жүзеге асырылады.
Жыл басынан бері Қордың шамамен 223 мыңға жуық салымшысы маңызды оқиғалар
туралы хабарлама алды.
Хабарламаларды алу үшін салымшылар БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы немесе enpf.kz
сайтындағы жеке кабинетте "Push-хабарламалар" бөлімі арқылы жіберілімге жазылулары қажет.
"БЖЗҚ" АҚ өз қызметі барысында салымшыларына қызмет көрсету сапасын жақсартуға
әрдайым ұмтылады және цифрлық форматта ұсынылатын сервистер желісін үнемі кеңейтіп
отырады. Қазіргі уақытта Қор зейнетақы қызметтерінің 90%-дан астамын онлайн-форматта
ұсынады. Салымшылардың сайттағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетте өз шотынан кез
келген кезең үшін үзінді көшірме алып, жеке деректемелерін өзгерту, болашақ зейнетақыларының
болжамды мөлшерін есептеп, жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына
аударып, Ұлттық Банктің басқаруына қайтару туралы өтініш беруге және тағы басқа да
мүмкіндіктері бар.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері –
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы
Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы
жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті
зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде
орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік
берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып,
оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы
активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ)
есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға"
бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке
алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы іске асырыла бастаған 12 ай ішінде «БЖЗҚ» АҚ жас отандастарымызға 6,30 млн АҚШ долларын аударды
18 февраля 2025

 

2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы іске қосылған 12 ай ішінде "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) шамамен 6,30 млн АҚШ долларына 62 697 өтініш орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 3,63 млн астам АҚШ долларына 36 119 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін шамамен 2,67 млн АҚШ долларына 26 578 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қала береді. 

 

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту аясында қазақстандықтар қаржыларын көбінесе мынадай мақсатта пайдаланды: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (шамамен 3,53 млн АҚШ долларына 35 113 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – шамамен 30,27 мың АҚШ долларына 304 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – шамамен 29,60 мың АҚШ долларына 295 өтініш.  

Білім алу ақысын төлеу бойынша ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (2,25 млн АҚШ долларына 22 435 өтініш орындалды), білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру (314,86 мыңға жуық АҚШ долларына 3 133 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (88,47 мың АҚШ долларына 880 өтініш орындалды).

 

          Естеріңізге сала кетейік, биыл еліміздің азаматы болып есептелетін барлық балаларға екінші рет Қазақстан Ұлттық қорынан қаражат есептелді

"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына қатысушылардың жалпы саны (2024 жылғы 31 желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша) - 6 921 035 бала. Оның ішінде 324 430 қатысушы 2025 жылы 18 жасқа толады. Есепті жылы барлық балаларға бірдей сома есептеліп, оның бір балаға шаққандағы мөлшері - 129 АҚШ доллары 38 цент.

2024 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға, 2006 жылы туған балаларды қоспағанда, ағымдағы жылы 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде бағдарламаға 2 жыл қатарынан қатысқан баланың нысаналы талаптары/нысаналы жинақтары 232 АҚШ доллары 94 центіне жетті. 

Нысаналы талаптарға қатысушылар мен нысаналы жинақтарды алушылардың саны, сондай-ақ, нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады.

 

 

kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM  сілтемесі бойынша көруге болады. 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 



Су тасқынға қалай дайындалу керек
21 января 2025
Апатты су тасқыны қаупі бар кезде қалай әрекет ету керек
21 января 2025
«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
13 января 2025
    • 2025 жылы ең төменгі жеткіліктілік шегі өзгере ме?

     

               2025 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шектерінің (ТЖШ) өлшемдері 2023-2024 жылдардағы деңгейінде өзгеріссіз қалды.

               ТЖШ (Ең төменгі жеткіліктілік шегі) – бұл ай сайын ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес көлемдегі зейнетақымен қамтамасыз етуге қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі мөлшері. Сондықтан, БЖЗҚ-дағы жинақтың бір бөлігін мақсатты пайдалану үшін алған кезде салымшының жасына байланысты өзгеріп отыратын осы шекті сома шотта қалуы тиіс. 

    ТЖШ әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, сондай-ақ, болашақ зейнетақы жарналарының болжамды есептеулеріне (ең төменгі жалақы мөлшерінен), инвестициялық кіріске, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшеріне, зейнетақының ең төменгі мөлшеріне, базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс мөлшеріне сүйене отырып айқындалады.

                Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы қазақстандықтарға зейнетақы жинағының артық бөлігін (ТЖШ-дан асатын) тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге немесе сенімгерлік басқаруға беру мақсатында пайдалану мүмкіндігі берілді. Толық ақпарат БЖЗҚ-ның ресми сайтында қолжетімді.

    .

     

         2)    Зейнетақы қорынан берілетін төлемдердің шегі бар ма?

                БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері шектеусіз. Ол зейнетақы жинақтарының мөлшеріне байланысты  және әр азамат үшін жеке есептеледі. Жинақ сомасы 6,5%-ға көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Осылайша, ай сайынғы төлем мөлшері алынады. Жыл сайын ол 5%-ға артады. БЖЗҚ-дан берілетін төлемнің ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің кемінде 70% мөлшерінде болуға тиіс, ал ең жоғары мөлшері шектелмейді.  Айта кету керек, төлемдер зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүргізіледі.

     

         3) БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын өз қалауы бойынша басқарады деген рас па? Зейнетақы жинақтары әртүрлі жобаларға жұмсалады ма?

               Олай емес. БЖЗҚ міндеттері – инвестициялық кірісті қоса алғанда, жинақтардың есебін жүргізу, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру. Сондай-ақ, салымшылар мен алушыларға зейнетақы капиталын қалыптастыру бойынша қызметтер көрсету. Қор ҚР азаматтарының зейнетақы жинақтарын инвестициялаумен айналыспайды.  

               Зейнетақы активтерін басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, ал 2021 жылдан бастап инвестициялық портфельді басқарушылар да жүзеге асырады. Барлық әрекеттер бекітілген Инвестициялық декларацияға сәйкес жүзеге асырылады. Ұлттық банк үшін зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі Үкімет қаулысымен, ал инвестициялық портфельді басқарушылар үшін – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаулысымен бекітіледі.

               Бұл барлық зейнетақы активтерінің  рұқсат етілген қаржы құралдарына – мемлекеттік бағалы қағаздар, облигациялар, депозиттер және т.б. салынатынын білдіреді. Сенімгерлікпен басқарушылардың зейнетақы активтерін инвестициялаудың өзіндік стратегиялары бар және инвестициялық портфельдің құрылымын инвестициялық декларация шеңберінде дербес айқындайды. Инвестиция жасау үшін нақты құралдарды таңдау басқарушының стратегиясына және оның инвестициялардың сенімділігі мен кірістілігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеріне сүйене отырып жүзеге асырылады.

        

             4)  БЖЗҚ зейнет жасына толуға байланысты қандай зейнетақы түрлерін төлейді?

             Қазіргі зейнетақы үш құрамдауыштан тұрады: базалық, ортақ және жинақтаушы. БЖЗҚ тек жинақтаушы құрамдауыш бөлігін төлейді, ал базалық және ортақ зейнетақыны мемлекет төлейді. Алайда, зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан жарналардың міндетті түрлері есебінен зейнетақы төлемдерін, сондай-ақ, бюджеттен берілетін базалық және ортақ зейнетақы тағайындау үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" (ХҚКО) корпорациясына жүгінулері қажет. БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар ер адамдарға -  63 жасқа толғанда, ал әйел азаматшаларға 61 жасқа толған кезде беріледі. Әйелдердің жас шегі уақыт өте келе өзгереді. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жас; 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жас; 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жас; 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жас; 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап - 63 жасқа толғанда;

            Зейнетақы төлемін алуға өтініш берген кезде жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген 55 жасқа толған адамдар да кәсіптері уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен тізбеде көзделген еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда еңбек қызметі тоқтатылған жағдайда, зейнетақы жинақтарын арнаулы әлеуметтік төлем құрамында ала бастайды. Ол үшін ХҚКО - ға да жүгіну керек.

             Зейнетақы төлемдерін зейнет жасына толғанға дейін мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар ала алады. Бұл жағдайда БЖЗҚ бөлімшелеріне немесе БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинет арқылы жүгіну қажет.

            Бұл төлемдердің барлығы кесте бойынша, яғни ай сайын жүзеге асырылады.

            Ерікті зейнетақы жарналарын 50 жастан бастап немесе мүгедектік бойынша алуға болады. Оның мөлшері мен жиілігін алушылар дербес белгілейді.      

     

             5) Адам қайтыс болғаннан кейін жинақтары БЖЗҚ-да қалады ма, әлде мемлекетке  өте ме?

              Салымшының барлық жинақтары оның меншігі болып табылады және олар мұрагерлікке өтеді. Қайтыс болған адамның отбасы жерлеу төлемдерін ала алады, ал қалған ақша мұрагерлерге бөлінеді. Жерлеуге арналған төлем сомасы 94 айлық есептік көрсеткішті құрайды, бірақ шоттағы жинақтардан артық болмауы тиіс. Шотта қалған жинақтар ҚР Азаматтық Кодексінде белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Бұл өсиет бойынша мұрагерлік болуы мүмкін, онда отбасы мүшелеріне жатпайтын адамдар да көрсетілуі мүмкін. Өсиет қалмаған жағдайда, мұрагерлік тәртібі азаматтық заңнамамен анықталады. Бірінші кезектегі мұрагерлер - салымшының балалары, жұбайы  және ата-анасы. Одан арғы кезектілік ҚР Азаматтық кодексінде айқындалған.

             Егер мұрагер / мұрагерлер құжаттар топтамасын толық көлемде ұсынса, БЖЗҚ құжаттарды қабылдаған немесе БЖЗҚ-ға түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде төлемді жүзеге асырады. Қаражат мұрагердің/мұрагерлердің банктік шотына түседі.

"БЖЗҚ" АҚ 2024 жылғы 1 желтоқсандағы зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынды
13 января 2025

"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.

2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 22 119,93 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 21 838,31[1] млрд теңге болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 218,29 млрд теңге.

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 63,33 млрд теңге.

 

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

2024 жылғы 1 желтоқсанға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 41,29%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,19%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 3,93%, ҚРҰБ депозиттері - 3,14%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,77%, МҚҰ - 1,32%.

2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 59,98%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 40,01%, басқа валюталарда – зейнетақы активтері портфелінің 0,01%.  

Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 1433,06 млрд теңге, бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау – 65,37 млрд теңге, шетел валютасын қайта бағалаудан – 471,14 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша – 840,10 млрд теңге болды. Басқа кірістер – 6,22 млрд теңге.  

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2024 жылдың басынан бері есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 1 желтоқсанда 2,82 трлн теңге. Салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 2024 жылдың басынан бастап 01.12.2024ж. 14,85% болды.

2024 жылғы 1 желтоқсандағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 78,18%, РЕПО операциялары – 17,38%, ҚРҰБ депозиттері – 4,22%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 0,22%.

ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. 

2024 жылдың басынан бастап 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен алынған инвестициялық кіріс – 14,46 млрд теңге. ЖМЗЖ бойынша кірістілік – 12,00%.

 Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) кірістілігі орта және ұзақ мерзімді перспективада қамтамасыз етіледі.

ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.

Инвестициялық портфельді басқарушылар

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 63,33 млрд теңгеден асады.

01.12.2024ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 10,36 млрд теңге.

Компанияның негізгі инвестициялары: ҚР ҚМ МБҚ – 29,80%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 22,44%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 11,89%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары - 8,40%, шет мемлекеттердің МБҚ – 5,28%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,87%, РЕПО – 5,49%,. Атап кетейік, портфельдің 69,14% теңгемен, 29,44% АҚШ долларымен, 1,42% - басқа валюталарда ұсынылған.  

Инвестициялық қызмет нәтижесінде 2024 жылдың 11 айында есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 1,33 млрд теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 15,24%.

"Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

01.12.2024ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 4,67 млрд теңге болды.

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 19,81%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 16,60%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 12,75%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 13,38%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 11,91%, "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 10,66%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (Паи ETF) – 8,78%.  

Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 73,29%, АҚШ долларымен 26,71% тең.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2024 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 602,50 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 14,46%.

"Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

01.12.2024ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 5,37 млрд теңге.

Инвестициялардың негізгі бағыттары: Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 26,61%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 15,96%, РЕПО – 13,09%, ҚР ЕДБ облигациялары – 12,19%, ҚР ҚМ МБҚ – 10,77%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 7,86%, пайлар (ETF индекстеріне) – 5,24%.

Ұлттық валютадағы инвестициялар - портфельдің 82,72%, АҚШ долларымен 17,28%.

 Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2024 жылдың 11 айына есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 660,06 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 13,91%.

"BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

01.12.2024ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 1,77 млрд теңге.

ҚР ҚМ МБҚ-ға активтердің 20,66% инвестицияланды, РЕПО – 22,64%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 12,26%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 11,14%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 10,17%, ҚР ЕДБ облигациялары – 9,95%, АҚШ мемлекеттік облигациялары – 5,65%.

Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 76,71%, АҚШ долларында – 21,70%, канадалық долларда - 1,59% инвестицияланды.

Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастап 1 желтоқсандағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 199,51 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 14,82%.

"Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 41,16 млрд теңгеден асты.

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 25,77%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 13,33%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 10,59%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 10,57%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 10,46%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 8,52%, шет мемлекеттердің МБҚ – 7,27%, "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 4,97%.

Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 65,20%, АҚШ долларында – 34,80% инвестицияланды.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастап 1 желтоқсандағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 5,12 млрд теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 15,41%.

"Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға  оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

[1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағанда

Қазақстандықтардың 2024 жылдың 11 айындағы таза инвестициялық кірісі 2,78 трлн теңгеге жетті
13 января 2025

2024 жылдың 11 айында отандастарымыздың таза инвестициялық кірісі шамамен 2,78 трлн теңге болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен ол 1,53 трлн теңгеге немесе 123% артық.

 

Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен салымшылар мен алушыларға 2,76 трлн теңгеден астам инвестициялық кіріс түсіп, 2,29 трлн теңге мөлшеріндегі осы жарналардың көлемінен асып түсті.

Тек 2024 жылдан бастап аударыла бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) бойынша таза инвестициялық кіріс 14,24 млрд теңге болды. Жарналардың бұл түрінен қалыптасқан жинақ көлемі – 204,12 млрд теңге.                 

2024 жылдың 11 айында БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан, ҚР Ұлттық Банкі басқаратын зейнетақы активтерінің кірістілігі осы кезеңдегі инфляция 7,6% болған кезде 14,85% көрсетті.

2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ның жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің кірістілігі – 12,00%.

Қордың зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігін қарастырсақ,  2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша инфляция 8,40% құрағанда ол 16,97% болды.

Инвестициялық кіріс қаржы құралдары (бағалы қағаздар, салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістерден, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалаудан, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден және т. б. тұрады. ҚР Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) инвестициялық портфельді үнемі әртараптандырып отырады. Яғни, зейнетақы активтері түрлі қаржы құралдарына, валюталарға инвестицияланып, нарықтағы жағдайға қарай үнемі қайта бөлініп орналастырылады. Қордың enpf.kz сайтына ай сайын орналастырылатын ҚР Ұлттық Банкінің инвестициялық қызметіне жасалған шолуда, 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша кірістер құралдардың барлық түрлері бойынша алынғандығы көрсетілген. 

            Ұзақ мерзімді кезеңдегі жинақталған инвестициялық кірістілік те инфляциядан асып түсті. 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2024 жылғы 1 желтоқсанға өспелі қорытындымен жинақталған кірістілік бүкіл кезеңдегі инфляция 819,24% болғанда, 952,5% көрсетті. 

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың барлық жүйесі ашық: әрбір салымшының  enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар. 

БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.

Көптеген маңызды және пайдалы ақпаратты, соның ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі сарапшыларының зейнетақы активтерін инвестициялау туралы сұхбаттарын  -  БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасынан көруге болады.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Тұрақты даму мақсаттары
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері