2026 жылға арналған сыбайлас жемоқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жоспар-кестесін бекіту туралы

2026 жылғы 3 наурыз                                                            № 11-ө

2026 жылға арналған сыбайлас жемоқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жоспар-кестесін бекіту туралы

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес:

  1. Науырзым ауданының жергілікті атқарушы органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіне 2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі қоса беріліп отырған жоспар-кестесі осы өкімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Науырзым ауданының жергілікті атқарушы органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі қоса беріліп отырған жұмыс тобы осы өкімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Науырзым ауданының жергілікті атқарушы органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бекітілген мерзімде жүргізілуін қамтамасыз етсін.
  4. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау Науырзым ауданы әкімі аппаратының басшысы К.О. Қалиеваға жүктелсін.
  5. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

            Аудан әкімінің

міндетін атқарушы                                                                   А. Тілеубергенов

Дата публикации
03 марта 2026