Кімдер қатыса алады?
- 35 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары
- Жоғары білімі бар
- Жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес
- Мемлекеттік тілді білетіндігі туралы сертификаты бар (В1 деңгейінен төмен емес)
Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, Президенттік жастар кадр резервінде тұрған (бұрын Резервке алынған, сондай-ақ Ұлттық комиссияның шешімі бойынша Резервтен шығарылған) адамдар Резервке іріктеуге қатысуға жіберілмейді.