Құқық бұзушылық профилактикасы туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 245-VIII ҚРЗ
Осы Заң Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, жергілікті өзін-өзі
басқару органдарының, ұйымдарының және азаматтарының құқық бұзушылық
профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және
ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
Осы Заңның негізгі мақсаттары құқық бұзушылық профилактикасы саласында
адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүддесін қорғауды
және сақтауды қамтамасыз ету, құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтау және нығайту болып табылады.
9-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
9-2. Қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті
атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері:
1) құқық бұзушылықтың жалпы профилактикасы жөніндегі шаралардың
орындалуын қамтамасыз етеді және оны іске асыруға жауапты болады;
2) азаматтарды құқықтық тәрбиелеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
3) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі, кәмелетке толмағандардың істері
және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың
құрамын тиісті жергілікті өкілді органдарға бекіту үшін ұсынады, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
4) көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды құрады және олардың жұмыс істеуін
қамтамасыз етеді;
5) азаматтарды құқық бұзушылық профилактикасына тарту жөнінде шаралар
қабылдайды;
6) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды есепке алуды
жүргізеді, оларды көтермелеу түрлері мен тәртібін айқындайды;
7) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу
жөніндегі комиссияларды құрады;
8) ресми алдын ала ескерту шығарады;
9) кәмелетке толмағандар үшін әлеуметтік инфрақұрылым қалыптастырады;
10) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсетуді ұйымдастырады;
11) қызметі құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың
профилактикасы, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегі шараларды
жүзеге асыруға байланысты коммерциялық емес және өзге де ұйымдарға
ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетеді;
12) жәбірленушілерді анықтау және оларға көмек көрсетуді ұйымдастыру
мәселелері бойынша мобильді топтармен, отбасын қолдау орталықтарымен,
психологиялық қолдау орталықтарымен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастырады;
13) құқық бұзушылық профилактикасының басқа да субъектілерімен өзара
іс-қимыл жасайды;
14) зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттерін ашады;
15) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының
заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
83-бап. Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.