Үкімет экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын бекітті

Үкімет экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын бекітті

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
«Таза Қазақстан» тұжырымдамасында экологиялық мәдениетті дамытудың түрлі әдістері мен тәсілдерін қамтитын кешенді тәсіл көзделген. Негізгі бағыттарға экологиялық ойлау, жауапты мінез-құлық, оның ішінде оны ынталандыру шаралары, экологиялық білім беру және ақпараттандыру кіреді.
Тұжырымдаманы іске асыру азаматтардың экология туралы хабардарлығын арттыруға, экологиялық әдеттерді қалыптастыруға және халықтың экологиялық бастамаларға қатысуын жандандыруға мүмкіндік береді.
Нысаналы индикаторларға сәйкес, 2029 жылға қарай коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеуді 25% - дан 38% - ға дейін, ал экологиялық тәрбиені нығайту жөніндегі іс-шараларға тартылған білім алушылардың үлесін 15% - дан 40% - ға дейін ұлғайту жоспарлануда. Сондай-ақ азаматтардың экологиялық өмір сапасына қанағаттану деңгейі 55,8% - дан 64,7% - ға дейін өседі деп күтілуде.
Тұжырымдаманы іске асыру қоғамдық орындарда коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау үшін инфрақұрылымды дамытуды, экологиялық қауіпсіз тәжірибелерді енгізуді және қоршаған ортаның ластануына «нөлдік төзімділік» мәдениетін қалыптастыруды көздейді.
Сондай-ақ, құжат тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекітті.