Қазақстандық өндірушілердің ірі «ULTTYQ ÓNIM» VIII көрмесіне шақырамыз! 16-18 мамыр аралығында Астанадағы ЭКСПО көрме кешенінде «ULTTYQ ÓNIM-2025» көрмесі өтеді!

Қазақстандық өндірушілердің ірі «ULTTYQ ÓNIM» VIII көрмесіне шақырамыз!  16-18 мамыр аралығында Астанадағы ЭКСПО көрме кешенінде «ULTTYQ ÓNIM-2025» көрмесі өтеді!

Үш күн бойы елдің бар өңірінен келген отандық компаниялар азық-түлік, киім-кешек, аяқ киім, жиһаз, тұрмыстық химия, құрылыс материалдары сияқты өнімдерін көрмеге шығарады. Олардың барлығы «Даму» Қорынан қолдау алған өндірушілер. Іс-шара барысында отандық өнімдерді сатып алумен қатар, дәм татып көру конкурсы, ұтыс ойынына, тегін семинарларға қатысып, өз дизайнерлеріміздің сән көрсетіліміне куә болып, концерттік бағдарламаларды тамашалай аласыздар! Сіздерді 16-18 мамыр күндері Астанадағы ЭКСПО көрме кешенінде күтеміз. Есік ашық, тек тіркелу жеткілікті!