Жатыр мойны обырының пайда болу себептері

Жатыр мойны обырының пайда болу себептері

ЖМО – әлемдегі әйелдерде жиі кездесетін төртінші қатерлі ісік түрі. Қазақстанда статистика одан да сорақы – ЖМО әйелдердегі қатерлі ісіктер құрылымында – сүт безі қатерлі ісігінен кейін екінші орында тұр.

     ЖМО пайда болуының негізгі себебі - АПВ инфекциясы.

Жыл сайын дүние жүзінде жатыр мойны обырының (ЖМО) 600 000-нан астам жаңа жағдайлары анықталады, және 300 000-нан астам әйел осы аурудан қайтыс болады. Қазақстанда жылына жатыр мойны обырының 1900-ден астам жаңа жағдайы тіркеліп, жыл сайын 600-ден астам әйел қайтыс болады. Соңғы 20 жылда республикамызда жатыр мойны обырына шалдығу көрсеткіші 26 %-ға өсті.

Жатыр мойны обырының болжамдары мен қауіптері

    ДДҰ 2030 жылға қарай ЖМО (700 000 жағдай) және өлім-жітімнің (400 000 өлім) одан әрі өсуін болжайды. Өлімнің шамамен 90% дамушы елдерде байқаланып жатыр. 

Қазақстанда ауруды анықтау шыңы 45 жастан 54 жасқа дейін. Күн сайын елде жатыр мойны обырының 5 жаңа жағдайы тіркеледі. Жыл сайын 600-ге жуық қазақстандық әйел ЖМО-нан қайтыс болады.

     ҚазОРҒЗИ мәліметтері бойынша 2022 жылы жүкті әйелдерде жатыр мойны обырының 28 жағдайы тіркелген. Кейіннен науқастардың бір бөлігінде шұғыл босану, сондай-ақ 5 медициналық аборт және 2 өздігінен түсік түсіру болды.

Маңызды: адамның иммундық тапшылығы вирусымен (АИТВ) өмір сүретін әйелдерде ЖМО даму қаупі 6 есе жоғары.

 

Өзіңізді және жақындарыңызды ЖМО-нан қалай қорғауға болады?

АПВ онкогенді түрлері патологиялық өзгерістерді тудыруы мүмкін, бұл 15-20 жылдан кейін жатыр мойны обырының дамуына әкеледі.

ЖМО-ын ерте диагноз қойып, емдеуді дереу бастау арқылы емдеуге болады. Сондықтан Қазақстанда 30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер үшін жеке скринингтік тексеру жүргізіледі.

Әр төрт жыл сайын скринингтік топтағы әйелдер жатыр мойнындағы ықтимал қатерлі ісіктерді анықтау үшін ПАП-тест (Папаниколау жағындысы) тапсыруы керек. 

Скринингтерден басқа, 100-ден астам елде АПВ вакцинациясы түріндегі профилактикалық шаралар қолданылады. АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Швеция және басқа елдердің тәжірибесі вакцинациядан кейін жатыр мойны обырының төмендеуін көрсетеді.

 

Меңдіқара ауданында адам папилломавирусына қарсы егу жұмыстары басталды.    

 Қазақстан Республикасының ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес, АПВ вакцинасы ата-анасының немесе қамқоршысының хабардар етілген келісімін алғаннан кейін 11 жасқа толған қыздарға енгізіледі. Вакцинацияның толық курсы - алты айлық үзіліспен екі доза. 11 жасында жоспарлы егуді өткізіп алған 12-13 жас аралығындағы қыздарға қайталама вакцинация. Біздің елде Гардасил-4 вакцинасы қолданылады. Бұл 2006 жылы тіркелген АПВ-ге қарсы алғашқы вакцина және көптеген елдерде 18 жылдан бері қолданылып келеді. Әрбір бала өзін қорғауға болатын барлық нәрседен қорғалуға құқылы. Адам папилломавирусына қарсы вакцинация қатерлі ісік ауруларының 95% алдын алады. АПВ вакциналарында вирустық бөлшектер немесе басқа тірі вирустық материал жоқ. Олар ауру тудыруы мүмкін емес. Оларды қолданудың қауіпсіздігі клиникалық дәлелденген.Вакцинация ауданның барлық емдеу мекемелерінде және білім беру оқу орындарының медициналық кабинеттерінде жүргізіледі.

Кез келген сұрақтарыңыз болса, түсіндіру үшін    «Меңдіқара аудандық  санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ мамандарына хабарласыңыз., байланыс  телефоны 2-41-30. Дәл қазір екпе алу арқылы сіз балаларыңыздың сау болашағын қамтамасыз ете аласыз!

Меңдіқара ауданының  бас санитарлық дәрігері.