«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы»

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану мен пайдалану «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен, сондай-ақ ҚР басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

- мемлекеттік рәміздерді қорлау 11 796 000 теңгеге дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады (ҚР ҚК 372-бабы);

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау тәртібін бұзу 196 600 теңге мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады (ҚР ӘҚБтК 458-бабы);

- ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау (ҚР ӘҚБтК 458-бабы 1-бөлігі) айыппұл салуға әкеп соғады:
- жеке тұлғалар үшін 78 640 теңге
- лауазымды тұлғалар үшін 196 600 теңге
- шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін 196 600 теңге
- орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 275 240 теңге
- ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 786 400 теңге;

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер туралы заңнамасын бұза отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану (белгілеу, орналастыру) (ҚР ӘҚБтК 1-1-бабы 458-бабы) айыппұл салуға әкеп соғады:
- жеке тұлғалар үшін 19 660 теңге
- лауазымды тұлғалар үшін 39 320 теңге
- шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін 39 320 теңге
- орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 76 640 теңге
- ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 117 360 теңге.