Qamqor

Qamqor

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің ақпараты бойынша 2024 жылдың тамыз айында «Qamqor» кәсіпкерлерге арналған мобильді қосымшасында техникалық жаңартулар жүргізілді, содан кейін қосымша «App Store» маркетплейс арқылы ортақ жүктеу үшін орналастырылды.

          Қазіргі уақытта Қостанай облысы бойынша 4 535 тіркелген мобильді қосымшаны пайдаланушылар бар.

          Сонымен қатар, қосымша жаңартылғаннан бері тіркелген пайдаланушылар санының артуы байқалмады, бұл кәсіпкерлік субъектілерінің мобильді қосымшаның бірқалыпты жұмыс істеуінен бейхабар екенін көрсетеді.

          Бизнес қауымдастығы үшін «Qamqor» мобильді қосымшасында алдағы тіркелген тексеру туралы PUSH хабарламалары, нақты объектiде тексерiлетiн тексеру жүргiзу мерзiмдері, тексеру парақтарының сұрақтары мен талаптары туралы ақпарат енгізілгенін ескереміз.