ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі
667-бап. Құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің (әскери қызметшінің), әскери полиция органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің, сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау
1. Құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің (әскери қызметшісінің), әскери полиция органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің, сот приставының, сот орындаушысының қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты олардың заңды өкіміне немесе талабына бағынбау, сол сияқты олардың заңды қызметіне кедергі жасау –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, –
он бес тәуліктен жиырма тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
3. Осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған осы баптың екінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттер, –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.