Іріктеуге қатысуға өтінім берудің соңғы мерзіміне 1 күн қалды.

Іріктеуге қатысуға өтінім берудің соңғы мерзіміне 1 күн қалды.

Іріктеуге қатысуға өтінім берудің соңғы мерзіміне 1 күн қалды.Өтініштер 30 қыркүйекке дейін қабылданады. «Қазақстанда Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу басталды
Дарынды жастарды анықтау және мемлекеттік басқару жүйесіне тарту мақсатында Президенттік жастар кадрлық резервіне кезекті үшінші іріктеуді бастау жоспарлануда.
1 қыркүйектен бастап pkrezerv.gov.kz сайты Президенттік жастар кадрлық резервіне қабылдауды бастайды. Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады.
Іріктеуге жасы 35-тен аспайтын, жоғары білімі бар, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, В1 деңгейінен кем емес сертификаты және жалпы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Биылғы жылы іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
Инфрақұрылымды дамыту, өнеркәсіп және сауда саясаты
Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау
Сыртқы саясат және инвестициялар
Экономикалық және қаржылық саясат
Цифрландыру
Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.
Іріктеу 6 кезеңнен тұрады.
Құжаттарды тапсыру
Үміткерлердің мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілеттерін бағалау
Жағдаяттық есептерді шешу қабілеттерін бағалау
Құзыреттілікті бағалау (бағалау орталығы және HR сұхбаты)
Сараптамалық комиссиямен сұхбат
Ұлттық комиссияның отырысы
Қорытынды бойынша резервке 50 үміткер іріктеледі. Жеңімпаздар осы жылдың желтоқсан айында белгілі болады».