Ветеринариялық  анықтама  беру  ережелері  

Ветеринариялық  анықтама  беру  ережелері   

 

  1. Осы Ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары және олардың бланкілеріне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 46-4) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ "Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру", "Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру" және "Ветеринариялық анықтамалар беру" мемлекеттік қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды.
  2. Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификатты (бұдан әрі – ветеринариялық сертификат) Заңның 16-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына және 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасарлары, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары бекіткен тізім негізінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар (бұдан әрі – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы) береді.

      Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ветеринариялық сертификатты алу үшін тасымалдау басталғанға дейін алдын ала (осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда кемінде 2 (екі) жұмыс күні) тиісті аумақтық бөлімшенің кеңсесі не портал арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экспорт кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беруге арналған өтінішті және № 1-тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Аумақтық бөлімшенің кеңсесінде қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі күні, уақыты (сағаты, минуты) көрсетілген тіркеу туралы белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.

   Көрсетілетін қызметті алушы ветеринариялық сертификат алу үшін портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

  1. Ветеринариялық сертификат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту, осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, өтініш түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде беріледі.

Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген өнімге ветеринариялық сертификат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту өтініш түскен күні беріледі.

  1. 7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор 1 (бір) жұмыс күні ішінде агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған "e-Agrіculture" ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – ББАЖ АЖ) пайдалана отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі (көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген жағдайда) не көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы (портал арқылы жүгінген жағдайда) өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы (көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген жағдайда) немесе портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" (портал арқылы жүгінген жағдайда) жолдайды.

      Ветеринариялық сертификат:

      1) Өңірлендіру қағидаларына сәйкес саламатсыз және буферлік аймақтарда орналасқан компартменттерді қоспағанда, аталған аймақтардан орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге;

      2) импорттаушы ел Қазақстан Республикасынан орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге қатысты уақытша ветеринариялық-санитариялық шаралар енгізген жағдайда берілмейді.