Фитосанитариялық есептілікті ұсыну туралы

Фитосанитариялық есептілікті ұсыну туралы

«Өсімдіктерді қорғау туралы» ҚР Заңының 13-бабына, 14-5-бабының  3-тармағына және "Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы             29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығына және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 7 наурыздағы № 82 бұйрығына сәйкес қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiне байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсынуға міндетті:  

            ФУ – 1. Пестицидтерді, биоагенттерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есеп. Ұсыну мерзімі: жылына екі рет ААИ-ға, бір рет 10 шілдеге дейін және екінші рет 10 қаңтарға дейін;  

         ФУ-2. Пестицидтердің, биоагенттердің қозғалысы туралы есеп. Ұсыну мерзімі: жылына екі рет ААИ-ға, бір рет 10 шілдеге дейін және екінші рет 10 қаңтарға дейін; 

         ФУ-3. Пестицидтерді, биоагенттердің сақтау туралы есеп. Ұсыну мерзімі: жыл сайын ААИ-ға, 10 қаңтарға дейін;

         ФУ-4. Бүріккіш және дәрілегіш техниканың болуы туралы есеп. Ұсыну мерзімі: жыл сайын ААИ-ға, 10 қаңтарға дейін;

         ФУ-5. Химиялық өңдеулер жүргізу туралы есеп. Ұсыну мерзімі: ай сайын ААИ-ға, наурыздан қыркүйекке дейін, әр айдың 10-ына дейін;

         ФУ-6. Химиялық өңдеу жөніндегі қызметтер көрсету туралы есеп. Ұсыну мерзімі: ай сайын ААИ-ға, наурыздан қыркүйекке дейін, әр айдың 10-ына дейін;

          ФУ-7. Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардан босаған ыдыстарды, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есеп. Ұсыну мерзімі: жыл сайын ААИ-ға, 10 қаңтарға дейін;

         ФУ-8. Қоймалық үй-жайлардың бар-жоғы туралы есеп. Ұсыну мерзімі: жыл сайын ААИ-ға, 10 қаңтарға дейін;

 Есептіліктерді «ҚР АШМ АӨК МИК Меңдіқара аудандық аумақтық инспекциясы» ММ Боровское ауылы, Летунов көшесі-9, жұмыс тел. 8(71443)2-40-68, ұялы тел. 87056520113, Электрондық мекенжайы: mendikara_p-rtu@minagri.gov.kz;  k.murzagaliev@msh.gov.kz бойынша ұсыну қажет.

         «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 403-бабының 1-тармағына сәйкес, фитосанитариялық есептiлiктi ұсынбау, сол сияқты уақтылы ұсынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

 

«КР АШМ АӨК МИК Меңдіқара

ААИ» ММ өсімдіктерді қорғау және

карантині жөніндегі бас маман-

мемлекеттік инспектор                                                      К.С. Мурзагалиев