Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы

Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211 Заңының 12-бабына сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап облыстардың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) құзыретіне кәсіпкерлік субъектілерінің туристік қызмет объектілерін салу және реконструкциялау, жол бойындағы сервис объектілерін салу, туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп- ұстауға жұмсаған шығындарының бір бөлігін субсидиялау кіреді.

Осы Мемлекеттік қолдау шараларының бекітілген қағидаларына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілері жергілікті атқарушы органға (Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы) тиісті өтінімдерді күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде жолдайды, бұл ретте санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындардың бір бөлігін субсидиялауға өтінімдер жатпайды, себебі олар бірінші жұмыс күнінен бастап және күнтізбелік жылдың желтоқсан айы 1-не дейін беріледі.

Сондай-ақ, туристік қызмет және жол бойындағы сервис объектілерін салу және реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу енгізу актісі 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жүргізілген объектілерге қатысты екенін атап өткен жөн.

Құжаттар тізбесі және мемлекеттік қолдау көрсету мерзімдері туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің                           2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 382, 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 411, 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 412, 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 415 бұйрықтарымен бекітілген тиісті Қағидаларда көрсетілген.

Қостанай обысыл әкімдігінің кәсіпкерлік және

индустриалдық-инновациялық даму басқармасы