БЖЗҚ өңірлерді қалай қамтиды?

БЖЗҚ өңірлерді қалай қамтиды?

БЖЗҚ қызметтері республиканың барлық аймақтарында: ірі қалаларда да, шағын елді мекендерде де қолжетімді. 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қордың өңірлік құрылымына республикалық маңызы бар қалаларда (Астана, Алматы, Шымкент) және 15 облыс орталықтарындағы 18 филиал кіреді.

          Филиалдар орналасқан қалаларда 26 бөлімше, оның ішінде 18 бөлімше филиалдардың жанында тікелей жұмыс істейді.

           Ірі аудан орталықтары мен қалаларда 61 қызмет көрсету орталығы (ҚКО), ал халықтың тығыздығы төмен аудан орталықтарында және кейбір басқа елді мекендерде 89 қашықтағы жұмыс орны (ҚЖО) қызмет атқаруда. Оларда Қордың бір ғана қызметкері жұмыс істейді. БЖЗҚ-да барлығы 176 қызмет көрсету кеңсесі бар. Өңірлік бөлімшелердің саны мен бөлінуі халықтың қажеттіліктерін ескере отырып белгіленеді.

                 Республикада жаңа облыстардың құрылуы нәтижесінде Семей қаласындағы "БЖЗҚ" АҚ өңірлік филиалын "БЖЗҚ" АҚ Абай облыстық филиалы және "БЖЗҚ" АҚ Алматы облыстық филиалын "БЖЗҚ"АҚ Жетісу облыстық филиалы деп қайта атау жүзеге асырылды.

           Нұр-Сұлтан қаласының Астана қаласы болып өзгеруіне байланысты "БЖЗҚ" АҚ-ның Астана қаласындағы филиалы да қайта аталды.

           Өңірлерде көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін және халықтың зейнетақы жүйесіне тартылуын қамтамасыз ету үшін "Мобильді кеңсе" деп аталатын көшпелі қызмет көрсетуге арналған көпфункционалды орталық  - шалғайдағы елді мекендерде салымшыларды (алушыларды) қабылдауды және оларға қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған шағын автобус жұмыс істейді.

           "Мобильді кеңсе" автокөлікте орнатылған спутниктік жабдықтың көмегімен онлайн режимінде жұмыс істейді. «Мобильді кеңсенің» сапарға шығуы жергілікті атқарушы органдармен келісілетін шалғайдағы елді мекендерге барудың алдын ала жасалған бағыты мен кестесі бойынша жүзеге асырылады. Қазір 13 "Мобильді кеңсе" Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында жұмыс істейді.

           Сондай-ақ, Қордың қызмет көрсету кеңселері жоқ шалғай елді мекендерінде тұратын салымшылар мен алушылар үшін 2019 жылдан бастап "Қазпошта"АҚ бөлімшелерінде трансфер-агенттік қызмет көрсету қолжетімді.  Осындай 376 бөлімшеде салымшының (алушының) деректемелерін өзгерту туралы өтініш беруге және хабарлау тәсілін өзгерту (айқындау) туралы келісімге қол қоюға болады.

           Қордың өңірлік бөлімшелерінде, сондай-ақ, "Қазпошта" мобильді кеңселері мен бөлімшелері арқылы жүргізілетін жүзбе-жүз қызмет көрсету нәтижесінде 2022 жылы БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға шамамен 1,5 млн зейнетақы қызметін көрсетті.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).