Хабарландыру

Хабарландыру

«Меңдіқара ауданының  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі  «Боровское ЖКХ-2016»  мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды .

Мекенжайы: Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровское а., Алтынсарин көшесі 7, тел. анықтама үшін: +7(71443) 24580, mendikara_gkh@mail.ru, каб.109. Лауазымдық жалақысы штат кестеге сәйкес.

Функционалдық міндеттері: Ауданның елді мекендерінің тіршілігін қамтамасыз ету саласындағы кәсіпорынның қызметін ұйымдастыру және басқару. Барлық органдарда кәсіпорынның мүдделерін білдіру, оның балансында қамтылған кәсіпорын мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-шаруашылық нәтижелеріне жауап береді. Даму жоспарларына сәйкес кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету. Білікті кадрлармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау, қаржылық қызметті бақылау.

  1. «Боровское ЖКХ-2016» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қызметінің мәні коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығын ауыз сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау саласында ақылы қызметтер көрсету болып табылады. «Боровское ЖКХ-2016» МКК қызметінің мақсаты Меңдіқара ауданының халқы мен ұйымдарын ауыз сумен және жылу энергиясымен қамтамасыз ету болып табылады. Қойылған мақсатты іске асыру үшін «Боровское ЖКХ-2016» МКК мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады: 1) магистральдық құбырлар мен тарату желілері бойынша су беру қызметі, 2) жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және жабдықтау жөніндегі қызметтер, 3) суды қабылдау нүктелерінен мамандандырылған көлікпен шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне жеткізу.
  2. «Боровское ЖКХ-2016» МКК басшысына қойылатын талаптар: 1) біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімнің болуы; 2) кәсіпорын бейініне сәйкес келетін қызмет саласындағы басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;

Саладағы жоғары білім: Техникалық ғылымдар мен технологиялар, Жылу энергетикасы, электр энергетикасы, механикаландыру, сумен жабдықтау және кәріз, сумен жабдықтау және су бұру. Менеджмент, басқару және құқық. Құқықтану.

  1. Білуі керек: 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының кодексі, «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы,  «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» 1997 жылғы 11 щілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

қазіргі басқарушылық қызметтің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері; коммуналдық шаруашылық ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері; басқарудың экономикалық әдістері және ұйымның қызметін талдау; коммуналдық қызметтер нарығының конъюнктурасы; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қауіпсіздіктің өндірістік санитариясы жөніндегі қағидалар мен нормалар; Төтенше жағдайлар жағдайында қызметті ұйымдастыру.

  1. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

 2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

 3) Білім туралы құжаттардың көшірмелері;

 4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме не жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;

 5) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

 6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы.

         Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар «Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін қағаз немесе электрондық түрде хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады. Олар ұсынылмаған жағдайда, тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады.

  1. Құжаттарды қабылдаудың басталу күні және конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі: құжаттар 2023 жылғы 26.01. бастап 2023 жылғы 09.02. дейін, жұмыс күндері 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады.
  2. Конкурсты өткізу күні: құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде. Хабарлама телефон арқылы, ақпаратты қатысушылардың электрондық мекенжайлары мен ұялы телефондарына жіберу арқылы жүзеге асырылады.
  3. Конкурстың өтетін орны: Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Королев көшесі 5, каб. 110.