Қазақстандықтар өздерінің зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа белсенді түрде қызығушылық танытуда

Қазақстандықтар өздерінің зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа белсенді түрде қызығушылық танытуда

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ағымдағы жылдың 10 айында (01.01.2022 - 01.11.2022 аралығындағы кезеңде) салымшылар мен алушыларға жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жай-күйі туралы 22,6 млн үзінді көшірме берді. Оның  17,8 млн (78,5%) электрондық форматта берілді. Үзінді көшірме беру - БЖЗҚ-ның ең танымал қызметі.  

Жалпы 10 ай ішінде Қор өз салымшыларына шамамен 26,2 млн қызмет көрсетті. Біржолғы зейнетақы төлемдерін төлеу (барлық операциялардың 5,6%), автоматты режимде ЖЗШ ашу (жыл басынан бері 1,92%, 502,6 мың), жеке деректемелерді өзгерту (1,37%) талап етілді.

Қызметтердің жалпы көлемінің шамамен 93% (немесе 24,2 млн) БЖЗҚ сайтында немесе ұялы қосымшасында, сондай-ақ, өтінішсіз режимде қашықтан көрсетілді.  Оның ішінде онлайн-форматта -- 17,9 млн, автоматты форматта – 6,3 млн..

Алайда  БЖЗҚ мамандарына жеке жүгінуді қалайтын салымшылар мен алушылар да бар. 10 ай көлемінде күндізгі қызмет көрсету барысында 1,2 млн-нан астам қызмет, оның 93% Қор бөлімшелерінде көрсетілді. Естеріңізге сала кетейік, өздеріңізге жақын орналасқан Қор филиалының мекен-жайын www.enpf.kz сайтынан немесе БЖЗҚ/ENPF ұялы қосымшасында оңай нақтылауға болады.

БЖЗҚ-ның барып қызмет көрсету бөлімдері де белсенді жұмыс істеуде. Олар 78,4 мыңнан астам қызмет көрсетіп, оның  13 мыңнан астамы халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдарға ұсынылды.

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы шеңберінде 27,4 мың көшпелі тұсаукесер өткізілді. Оның барысында 600 мыңға жуық адам жалпы жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ақпарат және жеке кеңес алды.  

БЖЗҚ  салымшылары мен алушылары үшін сапалы кеңес беруге ерекше назар аударады. Салымшылар мен алушылар байланыс орталығының 1418 нөмірі бойынша қоңырау шалып (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) немесе www.enpf.kz корпоративтік сайты арқылы кеңес ала алады. Сонымен қатар, БЖЗҚ/ENPF ұялы қосымшасында, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsApp және Viber чат-боты арқылы, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Однокласники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ ресми парақшаларында да кеңес алу қызметі қолжетімді.

Жыл басынан бері Қор мамандары барлығы 710 мыңнан аса өтінімді өңдеді.   

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).