Жануарларды дайындауды (союды) жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне есептік нөмірлерді беру ережесі.

Жануарларды  дайындауды (союды) жүзеге  асыратын  өндіріс  объектілеріне  есептік  нөмірлерді  беру  ережесі.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 «Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер  мен  толықтыруларға  сәйкес  «ҚР  АШМ  ВБжҚК  Меңдіқара» ММ хабарлайды:

мал  сою алаңдары 1 (бір) жыл  мерзімге  есепке алу  нөмірлерімен  беріледі  және облыс  аумағында  ет  өндеу  кәсіпорындары  немесе  мал  сою  пункттері  құрылысы  басталғанға  дейін  жыл  сайын  расталуға  жатады.

Қолданыстағы  есепке алу  нөмірін  растау  үшін  мал  сою  объектеріне  осы  Қағидаларға  сәйкес  есепке алу  нөмірің берудің  қайталанатын  рәсімінен  өтеді,  бұл  ретте  берілген  есепке алу  нөмірлері  сақталады.

 Өндіріс  объектісіне  есепке алу  нөмірін  беру  үшін  оның  ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға  сәйкестігі  туралы  ветеринариялық-санитариялық  қорытындысы  болуы  қажет, олардың  нысандарына  қойылатын  талаптар  Қазақстан Республикасы  Ауыл шаруашылығы  министрінің 2015 жылғы  21  мамырдағы  № 7-1/453 (Қазақстан Республикасының Нормативтік  құқықтық  актілерді  тізілімінде № 11898 болып  тіркелген  бұйрығымен  бекітілген.

Жеке  және  заңды  тұлғалардан  ветеринариялық-санитариялық  қорытынды  алуға  өтініштерді  қабылдау  және  мемлекеттік  қызмет  көрсету  нәтижесін  беру  «электрондық  үкіметтің»  www.egov.kz  веб-порталы  арқылы  жүзеге  асырылады.  Ветеринариялық-санитариялық  қорытындыны  беру 4 (төрт) жұмыс  күні  ішінде  жүзеге  асырылады.  Elicense  порталында  мал  сою  аланы  есепке алу  нөмірін ұзарту  функциясы  жоқ  болғандықтан,  өтінімді  қабылдау  қағаз  түрінде  қабылданады. Мал  сою  аланында  есепке алу нөмірі аяқталмай  тұрып өтініштер алдын ала  қабылданады. Өндірістік  объектілерге  есепке алу  нөмірін  беру 2 (екі) жұмыс  күні  ішінде  жүзеге  асырылады.

 

 

«ҚР  АШМ  ВБжҚК  Меңдіқара  ААИ»ММ Боровское  ауылы,  Алтынсарин  көшесі  83,  тел.: 2-40-94