Жастар экстремизмге қарсы

Жастар экстремизмге қарсы

Жастар экстремизмге қарсы

 

 Әлемге жасөспірімдердің көзімен қарасақ, олар үшін үнемі жаңа нәрсені күту әдетке айналғанын байқауға болады: жаңа гаджеттер мен оларға жаңартулар, жаңа қолданбалар мен ойындар, табыс табудың жаңа тәсілдері, олармен салыстырғанда қалыптасқан кәсіптерге қызығушылық жоғалады.

Мұны алдыңғы буын адамдарымен салыстырғанда, 21 ғасырда уақыт әлдеқайда жылдам өтуімен түсіндіруге болады. Компаниялар өз аудиториясын үнемі жаңа өнімдермен қуантып, «бұл нәрсе болды», «жаңа ештеңе жоқ» немесе «анау компанияда жақсырақ» деген сияқты пікірлерден қорқып, инновациядағы жаңашылдықтар үшін бәсекелеседі. Жақсы ма, жаман ба деп бұдан бір жақты қорытынды жасау дұрыс болмас еді.

Әрине, тоқырауға және қол жеткізген нәрсеге тоқтап қалуға қарағанда, дамуға деген ұмтылыстың және керек болса, дамудың өзінен әлдеқайда артықшылықтар бар деп айта аламыз.

Дамудың негізгі шарттарының бірі – топтық жұмыс. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас ғалымдар, дәрігерлер, инженерлер және қарапайым энтузиастар жаңа идеяларды жасау және оларды өмірге енгізу үшін командаларға қосылады. Жалғыз жұмыс істей отырып және жұмыс тақырыбына балама көзқарасы жоқ адам жиі сұрақтар мен түсінбеушілікке тап болады. Адамзаттың ежелден бірігу түріндегі табысты жұмысты құрудың «кілтіне» ие болғанын ескерсек, онда сұрақ туындайды: бір адамға екіншісіне деген шектен тыс дұшпандық сезімін не тудыруы мүмкін?

Ең қауіпті факторлардың бірі – экстремизм.

Экстремизм (латын тілінен аударғанда «Extremus» – шектен шыққан) – адамның немесе адамдар тобының «шектен шыққан» көзқарастар мен шараларға, соның ішінде тәртіпсіздіктерге, азаматтық бағынбаушылыққа, террористік актілерге арандату боп саналады. Мұндай адамдар тобына тән қасиет - олар ымыраға келуді, келіссөздерді және келісімдерді қабылдамайды.

Экстремизмді діни экстремизммен шатастырмау керек.

Діни экстремизм – қоғам үшін дәстүрлі құндылықтар жүйесін, мораль мен құқық нормаларын теріске шығару, сондай-ақ дінге тарту желеуімен әрекет ететін «идеяларды» агрессивті насихаттау. Оның басқа экстремизм түрлерінен ерекшелігі – мемлекеттік жүйені күштеп өзгертуге және билікті басып алуға, мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығына қол сұғуға, діни ілімдер мен рәміздерді қолдануға бағытталған.

Осындай негізгі көзқарастарға ие бола отырып, адам достық шеңберін табады, олардың әрқайсысы ынтымақ пен бірліктің үлгісі ретінде тек өз түрін қарастырады. Мұндай «одақтың» нәтижесі бұзу мен жойылу болады. Тамыры шіріген өсімдік дамып өспейді.

Экстремизм идеологиясы келіспеушілікті жоққа шығаратынын, өзінің саяси, идеологиялық және діни көзқарастар жүйесін қатаң түрде бекітетінін анық түсіну керек. Экстремистер өз жақтастарынан кез келген, тіпті ең абсурдты бұйрықтар мен нұсқауларды соқыр бағынуды және орындауды талап етеді. Экстремизмнің аргументі ақылға емес, адамдардың теріс пікірлері мен сезімдеріне бағытталған. Экстремистер тарихи алғышарттарды, нормалар мен дәстүрлерді есепке алмай, қоғаммен және дәстүрлермен бетпе-бет келуге жағдай жасау, олардың беделін түсіру және оларға қарсы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау мақсатын ғана көздейді.

Сол себепті түсіну керек болған нәрсе: қоғам дамып, жаңа ашылуларға, дипломатиялық қатынастарды дамытуға, тәжірибе алмасуға және оған мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге ұмтылуы үшін терінің түсіне, дініне, саяси ұстанымына, философиялық сенімдеріне және т. б. қатысты барлық алалаушылықтарды жою қажет. Біз кімнің «жақсы», кімнің «жаман» екенін анықтайтын стереотиптер мен клишелерді артта қалдыруымыз керек.

Ішкі ұстанымды нақты анықтау керек: «Мен экстремизмге қарсымын», бұл кең мағынада адамның: бөлінуге, таңулауға, алалаушылыққа, дискредитацияға және қысымшылыққа  табанды түрде қарсы екенін білдіреді.

Керісінше, бағдар ретінде: даму, прогресс, денсаулық, бейбітшілік, технологиялар, мақсаттар біздің басымыздағы ішкі дауыс ретінде естілуі керек.

Кезінде бір классик: "бейбітшілік, бақыт, адамдардың бауырластығы — бұл бізге осы дүниеде керек нәрсе!» деп жай айтпаған болар.