Бұл жақында облыс әкімдігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті арасында қол қойылған меморандумның арқсында мүмкіндікке ие болды.
Құжаттың негізгі мақсаты-озық әлемдік тәжірибе мен қоғамдық сарапшылар тарапынан ұсынымдар негізінде әзірленген компленс-қызметтердің үлгі ережесін бекіту. «Егер осыдан он жыл бұрын комплаенс негізінен банк саласында немесе қаржы саласында белсенді дамыған болса, қазір комплаенс мәселелеріне түрлі мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік және жеке компаниялар қызығушылық танытып отыр, олар комплаенсті бақылау мен өз қызметін жақсартудың маңызды құралы ретінде көреді» - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысының бірінші орынбасары Данияр Смагулов, оның айтуынша, меморандумда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің комплаенс-қызметтерді құру және әдіснамалық сүйемелдеу жөніндегі үйлестіруші рөлі көрініс тапқан.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күресті жалғастыруды, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ашықтығы мен есептілігін арттыруды тапсырған болатын.
Бұл мәселеде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алудың негізгі бағыттарының бірі өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын енгізу және сыбайлас жемқорлық субъектілері болып табылатын квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің шеңберін кеңейту болып табылады.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңға сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшелер айқындалады, олардың негізгі міндеті тиісті ұйымның және оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі таңда өңірде квазимемлекеттік сектордың 300-ден астам субъектісі жұмыс істейді, олардың әрқайсысында комплаенс-офицерлер функцияларға ие мамандар бар.
Өңір ұйымдарында комплаенс-қызметтердің үлгі ережесін қабылдау тиісті бизнес-процестерді сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және ішкі бақылау жүйесін оңтайландыру саласындағы өзекті халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруді жеделдетуге мүмкіндік береді деп күтілуде.