Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру

Ауыл шаруашылығы  жануарларын  бірдейлендіру

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру процедурасы  Қазақстан  Республикасы  Ауыл  шаруашылығы  министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы  жануарларын бірдейлендіру  қағидалары негізінде  жүзеге  асырылады.

Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан барлық ауыл  шаруашылығы жануарлары осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген  тәсілдердің  бірімен  сәйкестендіруге  жатады.

Жеке  тұлғаларға  тиесілі  ауыл  шаруашылығы  жануарларын  төлдерін  бірдейлендіру  ауыл  шаруашылығы  жануары осы  Қағидалардың  2-тармағында  көрсетілген жасқа толғанға дейін  кемінде  үш күн бұрын  жүгізіледі.

Ветеринариялық ұйымның мал дәрігері ауыл шаруашылығы  жануарларына оның  иесіне  жеке  нөмір  берілген  сәттен  бастап  үш  жұмыс  күні  ішінде  ветеринариялық паспор  беріледі.

Ауыл шаркашылық жануарларына арналған ветеринарлық паспорт ұсақ күйіс қайыратын  малдарды, шошқаларды (жануарлар тобына  беріледі) қоспағанда, жеке беріледі. Паспорт нөмірі ауылшаруашылық  жануарларының жеке  нөміріне  сәйкес келеді.

Ауыл шаркашылығы жануарларының төлі мынадай жасқа жеткен күнінен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіріледі:

- бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туғаннан  бастап  жеті  күн  өткен  соң;

- 4 айлықтан  құлындар;

- асыл тұқымды торайлар, әрі қарай өсіруге және өсімін молайтуға арналған торайлар және халықтың шаруашылықтарында күтіп-бағылытын торайлар – үш айлық жасынан бастап.

         Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру рәсіміне мыналар кіреді:

1) осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тәсілдердің  бірімен  ауыл  шаруашылығы  жануарларына  жеке  нөмір беру;

2) ауылшаруашылық  жануарларын бірдейлендіру бойынша мәліметтер  базасына  ақпаратты  енгізу;

3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан  бойынша  ветеринариялық  паспорт беру.

Жеке нөмірді беру ауыл шаруашылығы жануарларының түріне қарай келесі тәсілдердің бірімен жүргізіледі:

1) сырғалау (тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын, өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған ірі қара мал, ұсақ мал, түйелер, шошқалар және торайлар үшін). Ауыл шаруашылығы жануарларының сырғалары өмір бойы шешілмейді. Жоғалған немесе бүлінген кезде (мүмкін болмаған жағдайда жеке нөмірін анықтау ауыл шаруашылығы жануарлар), жануардың иесі ветеринариялық ұйымға  телнұсқаны алуға өтінішпен  жүгінеді. Ветеринариялық ұйым телнұсқаны  алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жануарды бірдейлендіруді  жүзеге асырады.

2) жасау немесе чиптеу (жылқылар  үшін);

3) татуировка (ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, тоғыз айлық жасқа жеткенге дейін кейіннен сою үшін бардақылауға арналған торайлар үшін).

Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түріне қосымша келесі тәсілдермен жеке нөмір беруге жол беріледі: электрондық бірдейлендіруді жүргізу үшін пайдаланылатын радиожиілікті белгісі бар сырғалар, болюстер, чиптер және басқа бұйымдар (құралдар).

Бірдейлендірілген ауыл шаруашылығы жануарларының бір әкімшілік-аумақтық бірлік аумағынан басқа әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына орнын ауыстырған кезде, ветеринариялық паспортқа және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру туралы дерек қорға ауыл шаруашылығы жануарларының орнын ауыстыру туралы мәліметтірді енгізе отырып берілген жеке нөмірлері сақталады.

«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі  №339 Қазақстан  Республикасы Занының 25-бабының 5-тармақшасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың міндеттеріне ауыл шаруашылығы жануарларын  бірдейлендіруді  қамтамасыз ету кіреді.

ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 406-бабының 9-тармағына сәйкес  жануарларды  сатып  алу, ұрпақтарын  алу, сою, сату  және  өлімі туралы ветеринарлық қызмет органдарына  хабарламау, ескерту  немесе  жеке тұлғаларға 5, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық  емес ұйымдарға 25, орта бизнес үшін – 50, ірі кәсіпкерлікке – 100 ең төменгі  есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып мемлекеттік қызметін көрсететін Қостанай облысы ветеринария басқармасының «Меңдіқара ауданының ветеринарлық станциясы" КМК және ветеринариялық дәрігерлер ветеринариялық пункт және ауылдық округтер әкімдері.

 

 

 

«ҚР АШМ ВБжҚК Меңдіқара  ААИ»ММ Боровское  ауылы,  Алтынсарин  көшесі  83,  тел.: 2-40-94