Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидалары

Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидалары

Өндірістік  объектілерге шот нөмірлерін  беру  бойынша  мемлекеттік  қызмет  электронды  түрде  жүзеге  асырылады, «Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығы сәйкес.

Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беруге арналған өтініш жолдайды.

Өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беру үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларына және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға сәйкес өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен асырмай берілген өндіріс объектісінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды болуы қажет.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 2 (екі) жұмыс күні. "Бір өтініш" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 6 (алты) жұмыс күні, оның ішінде: мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру – 4 (төрт) жұмыс күні; өндіріс объектілеріне есепке алу нөмірін беру – 2 (екі) жұмыс күні.

Өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің –Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін.

«ҚР АШМ ВБжҚК Меңдіқара  ААИ»ММ Боровское  ауылы,  Алтынсарин  көшесі  83,  тел.: 2-40-94