Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 24 қарашада Қостанай облысында COVID-19-дың 101 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0, 25 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. - 43, Рудный қ. – 12, Қостанай ауданы – 9, Арқалық қ. – 7, Жітіқара қаласы және Қарасу ауданында – 6, Федоров ауданы – 5, Лисаков қаласы және Мендықара ауданында – 4, Алтынсарин және Әулиекөл ауданында – 2, Ұзынкөл ауданы – 1.
82 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 16 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 3 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 93 адамда ауру белгілері болды, 8 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 24 қараша аралығында COVID-19-дың 39 433 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 37 298.
Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 338 239 адам, екінші компонентпен 316 179 адам вакцинацияланды.