Электр желілерінің күзет аймақтары туралы

Электр желілерінің күзет аймақтары туралы

Біз электр тогының адам денсаулығы мен өміріне қауіптілігі туралы жақсы білеміз. Электр тогының соғуы денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіруі немесе тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Басқа қауіпті ортадан айырмашылығы, токтың түсі мен иісі жоқ, ол көрінбейді. Жоғары кернеу кезінде электр тогы адамға өткізгішке тікелей тигізбестен - қашықтықта, доғалық байланыс арқылы да әсер етуі әбден мүмкін. Халық арасында жазатайым оқиғаларды болдырмау, сондай-ақ электр желілерінің сақталуын қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау және олардың зақымдануын болдырмау мақсатында күзет аймақтары белгіленеді.

Өкінішке орай, соңғы уақытта энергия кәсіпорындары мен электр желілерінің меншік иелері тарапынан Департаментке белгіленген күзет аймақтарын бұзу туралы шағымдар мен жүгінулер жиілеп кетті.

Күзет аймағында қандай да бір жұмыс жүргізу кезінде нені білу керек? Осындай аймақтардың шекарасында орналасқан электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу тәртібі ҚР Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 330 бұйрығымен бекітілген осындай аймақтардың шекараларында орналасқан электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) айқындалады.

Осы Қағидалармен электр желілерінен жақын маңдағы тұрғын, өндірістік және өндірістік емес ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі ең аз жол берілетін қашықтықтар, күзет аймақтарының өлшемдері, сондай-ақ осындай аймақтар аясындағы жұмыстарды жүргізу шарттары айқындалған. Осылайша, Қағидалардың 20-тармағына сәйкес, қарамағында осы желілер бар ұйымның келісімінсіз электр желілерінің күзет аймақтары шегінде құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсіру жұмыстарын, Шурф ұңғымаларының құрылғысымен байланысты іздестіру жұмыстарын жүргізуге, алаңдарды, автомобиль көлігі тұрақтарын жайластыруға, базарларды, құрылыстарды, ғимараттарды орналастыруға, материалдарды қоймалауға, қоршаулар мен дуалдар салуға, күйдіргіш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастауға және төгуге жол берілмейтіні белгіленген.

Аталған талапты бұзу әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 305-бабы бойнша жауапкершілікке әкеп соғады. 

Егер жер жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыстарды жүргізуге арналған техникалық құжаттамада көрсетілмеген кабель табылса не істеу керек? 

Бұл жағдайда жер жұмыстарын жүргізетін тұлғалар жұмыс өндірісін тоқтатады, кабельдің сақталуы мен тұтастығын қамтамасыз ету шараларын қабылдайды және бұл туралы қарамағында электр желілері бар жақын энергия беруші ұйымға немесе жергілікті атқарушы органдарға хабарлайды.

Барлық мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Энергетика министрліг Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментіне Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75-ші ғимарат, 219-шы кабинеті мекен жайы бойынша, немесе 8-(7142)-50-02-60, 8-(7142)-50-49-10 телефон арқылы хабарласа алады.