Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 21 қарашада Қостанай облысында COVID-19-дың 107 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0, 27 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. - 47, Рудный қ. – 13, Қостанай ауданы – 12, Қарасу ауданы – 9, Лисаков қаласы және Федоров ауданында– 6, Әулиекөл ауданы – 4, Жітіқара қаласы және Мендықара ауданында – 3, Алтынсарин және Сарыкөл аудандарында – 2.
101 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 5 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 1 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 100 адамда ауру белгілері болды, 7 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 21 қараша аралығында COVID-19-дың 39 171 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 36 419.
Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 336 910 адам, екінші компонентпен 314 398 адам вакцинацияланды.