Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 12 қазанда Қостанай облысында COVID-19-дың 98 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0, 28 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. - 32, Рудный қ. – 11, Жітіқара қ. – 8, Денисов ауданы – 7, Қостанай ауданы – 6, Лисаков қ. – 5, Алтынсарин, Әулиекөл және Б.Майлин аудандарында – 4, Амангелді, Қамысты, Қарабалық және Мендықара аудандарында – 3, Қарасу және Жангелді аудандарында – 2, Ұзынкөл ауданы – 1.
84 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 13 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 1 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 85 адамда ауру белгілері болды, 13 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 12 қазан аралығында COVID-19-дың 34 641 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 30 591. Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 321 726 адам, екінші компонентпен 296 898 адам вакцинацияланды.