Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 11 қазанда Қостанай облысында COVID-19-дың 97 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0, 28 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. - 37, Рудный қ. – 12, Қостанай ауданы – 9, Жітіқара қ. – 5, Лисаков қаласы, Әулиекөл, Қарабалық, Қарасу және Федоров аудандарында – 4, Алтынсарин, Денисов, Мендықара және Б.Майлин аудандарында – 3, Қамысты ауданы – 2.
82 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 13 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 2 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 90 адамда ауру белгілері болды, 7 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 11 қазан аралығында COVID-19-дың 34 543 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 30 409. Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 321 291 адам, екінші компонентпен 296 038 адам вакцинацияланды.