Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

 
2021 жылғы 29 шілдеде Қостанай облысында COVID-19-дың 231 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 1,1 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. - 94, Рудный қ. - 43, Б.Майлин ауданы – 20, Жітіқара қ. – 19, Мендықара ауданы – 17, Қарабалық ауданы – 14, Федоров ауданы – 7, Әулиекөл ауданы – 6, Ұзынкөл ауданы – 4, Лисаков қ. – 3, Денисов ауданы – 2, Сарыкөл және Науырзым ауданы – 1.
192 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 34 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 5 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 199 адамда ауру белгілері болды, 32 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 29 шілде аралығында COVID-19-дың 20 255 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 18 359.