Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат
Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат
2021 жылғы 21 шілдеде Қостанай облысында COVID-19-дың 149 жmағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,76% құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. - 43, Рудный қ. - 27, Арқалық қ. – 21, Әулиекөл ауданы – 12, Жітіқара қ. – 10, Б.Майлин ауданы – 8, Амангелді ауданы – 7, Алтынсарин және Қостанай аудандарында 6 – дан, Лисаков қ. – 4, Қарабалық ауданы 3, Федоров ауданы – 2.
113 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 27 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 9 жағдай стационарға емдеуге жатқызар алдында профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 123 адамда ауру белгілері болды, 26 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 21 шілде аралығында COVID-19-дың 18 696 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 17 105.