Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 09 мамырда Қостанай облысында COVID-19-дың 25 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,16 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. - 12, Рудный қ. – 5, Арқалық қ. – 5, Лисаковск қ., Алтынсарин және Әулиекөл аудандарында 1-ден.
21 адам өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 4 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған.
Індет жұқтырғандардың ішінде 21 адамда ауру белгілері болды, 4 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 09 мамыр аралығында COVID-19-дың 14965 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 14342.