«Вирустық аурулардың алдын алу, иммунитетті нығайту, постковидті асқынулар» Онлайн баспасөз конференциясы

«Вирустық аурулардың алдын алу, иммунитетті нығайту, постковидті асқынулар» Онлайн баспасөз конференциясы

ҚР ДСМ ҚДСҰО «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл: «Бүгінде жіті вирустық инфекциялардың 200 мыңнан астам қоздырғышы бар.

Олар ауа тамшылары мен байланыс арқылы беріледі. Осыдан алдын-алу шаралары шығады: әлеуметтік алыстау, маска кию, қол гигиенасы және салауатты өмір салты. Covid-19-ға қатысты сақтық шараларын ескере отырып, тұмау вирусының төмен айналымы байқалады».