2020 жылғы 23 желтоқсанда аудан әкімі Нұрлан Қатарбековтың қатысуымен Архипов орта мектебінде IT кабинеттің ашылуы өтті.
Ел Президентінің азаматтық технологияларды дамытуға бағытталған тапсырмаларын іске асыру аясында және "Заря" АҚ директоры Александр Климконың бастамасымен Архипов орта мектебінде IT сыныбы ашылды.
Енді мектеп оқушылары заманауи жабдықтармен жабдықталған техникалық кабинетте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды модельдеу, бағдарламалау, технология негіздерін игере алады, өз кезегінде олардың жеке қабілеттерін одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Нұрлан Жеңісұлы шын жүректен мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымын құттықтап, жаңа жетістіктер тіледі.
Аудан әкімі жақсы қырынан танылған оқушылар Даяна Бут, Алексей Багнюк, Дарья Дементьеваға сыйлықтар тарту етті.
Бұл күнде аудан басшысы және «Қарқын» ЖШС –нің директорыЕркін Бұқанов Соснов орта мектебінің оқушылары Кирилл Ипаев және Аружан Кәрімжанқызына сыйлықтар табыстады.