Қоныс иелеріне пәтер кілттерін салтанатты тапсыру

Қоныс иелеріне пәтер кілттерін салтанатты тапсыру

2020 жылдың 30 қарашасында ҚР Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеу қарсаңында, Боровское ауылында реставрацияланған 16 пәтерлі тұрғын үйдің жаңа қоныстанушыларына салтанатты түрде пәтер кілттерін тапсыру рәсімі өтті.

Көп балалы ана Татьяна Лавриенко алғыс сөз сөйледі: "Пәтер кілттерін біз ҚР Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында аламыз, өйткені Елбасының дана саясатының арқасында мемлекет халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрғын үй сатып алуға көмек көрсетеді. Барлық жаңа қоныстанушылар атынан Қостанай облысының әкімі Архимед Бегежанұлы Мұхамбетовке және аудан әкімі Нұрлан Жеңісұлы Қатарбековке берілген тұрғын үйі үшін алғысымды білдіремін".

Жаңа қоныстанушылар қатарына халықтың әлеуметтік осал топтарынан 16 отбасы, сондай-ақ ауданның мемлекеттік қызметшілері кірді.

Аудан әкімі де құттықтау сөз сөйлеп, бұл оқиғаның аудан үшін маңыздылығын атап өтті, өйткені әрбір қазақстандық отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету - мемлекет саясатының басты мақсаттарының бірі.