Меңдіқара ауданының прокуратурасы

Меңдіқара ауданының прокуратурасы

       Адам саудасы-құлдықтың қазіргі заманғы түрі, бұл адам құқығының бұзылуы және жеке адамға қарсы қылмыс санатына жатады.

       Заңсыз кәсіпкерлік қызметтің бір түрі болып табылады,  құрбандары үшін түзетілмейтін салдары бар, оларға психологиялық және физикалық түрде зиян келтіреді.

       Бұл қылмыс жаһандық проблема, ол ерлерді де, әйелдерді де, балаларды да аямайды.

        Адам саудасының ең танымал түрі-жыныстық қанау, бүкіл әлем бойынша жүздеген мың құрбан мәжбүрлі еңбек, шаруашылықтардағы мәжбүрлі жұмыс, қайыр сұрау немесе органдар алу мақсаттары үшін сауда объектісіне айналады.

    Осыған байланысты, құрметті азаматтар, сақ болыңыздар, күдік туындаған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыздар.

 

     Меңдіқара ауданының прокуратурасы