«Ашық есік күні»: БЖЗҚ жаңа инвестициялық портал ұсынады

«Ашық есік күні»: БЖЗҚ жаңа инвестициялық портал ұсынады

2026 жылғы 28 сәуірде БЖЗҚ барлық ниет білдірушілерді "Ашық есік күні" дәстүрлі онлайн-кездесуіне шақырады, онда Қор мамандары invest.enpf.kz жаңа инвестициялық порталы және ол арқылы салымшылардың қандай мүмкіндіктерге ие болатыны туралы алғаш рет егжей-тегжейлі айтып береді.

 

Кездесу барысында сіз келесі мәліметтермен таныса аласыз:

  • платформа қалай жұмыс істейді;
  • зейнетақы активтерін инвестициялау жүйесінің құрылымы қандай;
  • инвестициялық көрсеткіштерді қалай талдап, стратегияларды қалай салыстыруға болады;
  • басқарушыны таңдағанда неге назар аудару керек;
  • өз мүмкіндіктеріңізді саралау үшін invest.enpf.kz порталын қалай пайдалануға болады;
  • салымшылардың болашақ зейнетақыға әсер ету үшін қандай нақты құралдары бар.

Қатысушылар өздерін қызықтырған кез-келген сауалдарға Қор мамандарынан түсініктемелер, сондай-ақ жеке кеңестер ала алады.

«Ашық есік күні» 2026 жылдың 28 сәуірі күні (10:00 (Webex), 12:00 (Webex), 14:00 (Webex), 16:00 (Webex) онлайн-форматта өтеді.

Іс-шараға қатысу үшін сілтеме (https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m1a10db56ab87a4b71eb165820df2d85c) бойынша өту қажет. Содан кейін event-кеңестің нөмірін (2514 666 1832) және event-кеңестің құпиясөзін (1234) енгізіңіз.

 

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді күтеді!