«ҚР АШМ АӨК МИК Меңдіқара аудандық аумақтық инспекциясы» ММ  мемлекеттік қызметтерді ұсынады!

 «ҚР АШМ АӨК МИК Меңдіқара аудандық аумақтық инспекциясы» ММ  мемлекеттік қызметтерді ұсынады!

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 6 сәуірдегі № 71-VIII ҚРЗ Заңына (1-бап 30-тармақ) және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің    2024 жылғы 26 маусымдағы № 222 бұйрығына сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы           № 15-08/590 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 маусымда № 34637 болып тіркелді - 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасының аумағында карантинге жатқызылған өнімнің орнын ауыстыруға карантиндік сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін болдырмайтын өзгерістер күшіне енеді.

Түзетілгендей, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар ауыл шаруашылығы, орман және сәндік дақылдардың себілетін және отырғызылатын материалына, өсімдіктерге және олардың бөліктеріне (қалемшелер, баданалар, түйнектер, жемістер), сондай-ақ карантиндік объектілерді тасымалдаушы болуы мүмкін басқа да өсімдіктен алынатын кез келген өнімге; карантиндiк объектiлердi тасымалдағыштар болуы мүмкiн ауыл шаруашылығы машиналарына және топырақ өңдеуге арналған құралдарға, көлiк құралдарына, ыдыстың барлық түріне, буып-түю материалдарына, өсiмдiк материалдарынан жасалған өнеркәсiп тауарлары мен бұйымдарына, топырақ құймалары мен үлгiлерiне; почта жөнелтімдеріндегі, жолаушылардың қол жүгі мен багажындағы өсімдік салымдарына; өсімдіктен алынатын өнімді өсіретін, дайындайтын, жинайтын, өңдейтін, залалсыздандыратын және өткізетін ұйымдардың, шаруа немесе фермер, үй жанындағы және саяжай шаруашылықтарының аумағына және үй-жайларына; ауыл шаруашылығы, орман, су және басқа мақсатқа арналған жерлерге; ішкі сауда объектілеріне, теміржол вокзалдарына, автовокзалдарға, өзен порттарына, айлақтарға, почта операторларының өндірістік объектілеріне; жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын сақтауына және тағы басқасына қолданылады.

Сонымен қатар, өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өзгерістер енгізілді:

 

-  фитосанитариялық сертификат өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді;

 

- өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;

 

Қызмет алушылар «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590бұйрықтағы басқа өзгерістерімен http://adilet.zan.kz сайтта көре алады.

Туындаған сұрақтар бойынша 2-40-68 телефон нөмірі  немесе  mendykara _p_rtu@minagri.gov.kz электронды поштасы арқылы немесе Қостанай облысы, Мендіқара ауданы, Боровской селосы, Летунов көшесі, 9 үй 2 қабат, мекенжайы бойынша орналасқан біздің мекемеге келіп кеңес алуға болады.

 

ҚР АШМ АӨК МИК Мендіқара ААИ. Бас маман - өсімдіктерді қорғау және          карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы Ғ.Мустафин