«Даму» Қоры өндірісті жаңғыртуға арналған «Өрлеу-лизинг» бағдарламасын іске қосты

«Даму» Қоры өндірісті жаңғыртуға арналған «Өрлеу-лизинг» бағдарламасын іске қосты

Бағдарлама аясында кәсіпкерлер 10 жұмыс күніне дейінгі мерзім ішінде қосымша кепілсіз заманауи жабдық сатып ала алады.

Бағдарлама шарттары:

🔹 бір қарыз алушыға 300 млн теңгеге дейін

🔹 жылына өзгеріссіз 12,6%

🔹 мерзімі — 3-тен 5 жылға дейін

🔹 аванс — 10%

🔹 мақсаты — жаңа жабдық алу

Бағдарламаға кім қатыса алады:

✔ жұмыс істеп тұрған ШОБ

✔ бизнес ашылғанына кем дегенде 1 жыл

✔ жылдық айналым — жабдық құнынан ≥ 1,5 есе

📌 Жабдықты отандық зауыттан немесе өнім шығарушы зауыттың ресми дистрибьюторынан/дилерінен алу керек. 📌 Кем дегенде бір жыл мерзімге кепілдік және сервистік қызметімен бірге.

🤝 Қаржы Қордың серіктес лизинг компаниялары арқылы бөлінеді. 📌 Серіктестер тізімі жаңартылып, Қордың damu.kz ресми сайтына салынып тұрады.

📞 Егжей-тегжейлі кеңес алу үшін Қостанай облысы бойынша «Даму» Қорының аймақтық филиалына мына мекенжай бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 65, «Сити Қостанай» бизнес орталығы, 2-қабат, 209-кабинет. Тел. 8 (7142) 990-305, 1408 қысқа нөмірі арқылы ала аласыздар.