Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты Қазақстан Республикасының аушағы прқылы тасымалдау ережесі

Жануарларды,  жануарлардан  алынатын  өнімдер  мен  шикізатты  Қазақстан Республикасының  аушағы  прқылы  тасымалдау  ережесі

Күнделікті  Қостанай  және  оның  шегінен  тыс  аумағы  бойынша  тірі  малдарды,  малдардан  алынатын  өнімдер  мен  шикізаттардын  партияларын  тасымалдау  жүргізіледі.  Халықты  жануарлар  мен  адамға  ортақ  аурулардан  қорғауды  қамтамасыз  ету  мақсатында,  сондай-ақжануарлардан  алынатын  өнімдер  мен  шикізаттың  тағамдық  қауіпсіздігін  жүзеге  асыру  Қазақстан  Республикасы  заңнамасында  белгіленген  нормаларды  сақтай  отырып  маңызды.

Қазақстан  Республикасының  аумағы  бойынша  малдарды,  малдардан  алынатын  өнімдер  мен  шикізатты  тасымалдауы  ветеринариялық (тірі жануарлар үшін 1-нысан және мал шаруашылығы өнімдері үшін 2-нысаны)  анықтама  сүйемелдеуімен  орны  ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінін  тасымалдаудын  режимін  және  шарттарын  ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптармен  сақтап  ветеринариялық  құжаттарда  көрсетілген  орны  ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің  атауының, оның  салмағының (көлемінің), жалпы  санының  таңбалаудың  сәйкестігіне  келген  жағдайда.  Ауыл  шаруашылығы  жануарларын  бірдейлендіру  жөніндегі  дерекқорға  ауыл  шаруашылығы  жануары  туралы  мәліметтерді  енгізе  отырып  және  ветеринариялық  паспортты  бере  отырып,  бірдейлендіруді  жүргізуге  арналған  бұйымдарды (құралдарды) пайдалану,  таңбалау  арқылы  жануарлар  жануарларға  жеке  нөмір  беруді  қамтитын,  жануарларды  есепке  алу  рәсімі  өткізілу  қажет.

Жануарлардан  алынатын  өнімдері  тасымалдау (орын  ауыстыру) техникалық  шарттарды (етті  қатарлау  немесе  асып  қою,  температуралық  режим,  тоңазыту  жүйесінің  әсер  ету  тәртібі) сақтай  отырып,  арнайы  жабдықталған  автокөліктерде  жүзеге  асырылады.

Жануарлардан  алынатын  өнімдері  тасымалдау (орын  ауыстыру) кезінде  автокөліктерде  жануарлардан  алынатын  өнімдері тасымалдаудың  температуралық  режимі  сақталады.

Салқындатылған  немесе  тоңазытылған  етті (құс  ұшаларынан  басқа) жақын  қашықтықтарға  тасымалдау (орнын  ауыстыру) кезінде  оны  үйіп, бірақ  екі  қабаттан  асырмай  тиеуге  рұқсат  етіледі.  Автокөлік  шанағының  едені  жуылады,  таза  брезент, одан  кейін  таза  мата  төселеді.  Еттің  беті  таза  материалмен  жабылады.

 

Құстың  ұшалары  жәшіктерге  салынады. Жануарлар  етін  автокөлік  құралдарымен  тоңазытылған, мұздатылған  немесе  суырған  қалпында (кебу  қабығы  түзіле отырып, 6  сағатбойы  суытылған) тасымалдауға (орнын  ауыстыруға) жол  беріледі.

Автокөлік  құралының  шанағында  жүк  тиеуші  жұмысшыларға  немесе  басқа  адамдарға  тиелген  етпен  немесе  ет  өнімдерңмен  бірге  болуға  жол  берілмейді  етті:

 

  • мұнай өнімдерімен  немесе  өткір  иісті  заттармен  сіңірілген (ластанған);
  • өткір ерекше  иісі  бар  басқа  өнімдермен  бірге.

Жоғарыда аталған нормаларды бұзған жағдайда әкімшілік шаралар қолданылуы мүмкін.

 

 

«ҚР АШМ ВБжҚК Меңдіқара  ААИ»ММ Боровское  ауылы,  Алтынсарин  көшесі  83,  тел.: 2-40-94