
Қазақстан Республикасында мемлекет мүгедектігі бар адамдар үшін тіршілік әрекетінің шектеулерін өтеуге, тең мүмкіндіктер жасауға және қоғамға кірігуге бағытталған құқықтар мен жеңілдіктер кешенін белгілейді. Негізгі нормативтік акт ҚР Әлеуметтік кодексі болып табылады.
1,2,3 топтағы мүгедектердің мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға құқығы бар. Жәрдемақы мөлшері мүгедектік тобына байланысты.
Мүгедектігі бар жұмыс істейтін адамдар, егер ол үшін сақтандыру аударымдары жасалса, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қосымша төлемдер ала алады.
Жүріп-тұруы қиын 1-топтағы мүгедек адамдарға жеке көмекшінің қызметтері ұсынылады.
1-топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдар үшін төлемдер бар.
Оңалту бағдарламасы шеңберінде есту қабілеті бұзылған адамдарға жесттау аудармашысының көмегі ұсынылады.
Мүгедектігі бар адамдардың медициналық - әлеуметтік сараптамаға, абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламасын (бұдан әрі - АЖЖ) әзірлеуге құқығы бар, оларды медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері береді.
Әлеуметтік оңалту шеңберінде мүгедектігі бар адамдар: протездік-ортопедиялық көмекпен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен, техникалық көмекші құралдармен (сурдоқұралдар, тифлоқұралдар, гигиеналық құралдар) қамтамасыз етіледі .
Ұсынылады: санаторий-курорттық емдеу, Оңалту орталықтары, жеке көмекшінің және жестау тілі маманының қызметтері.
Мүгедектігі бар адамдар «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген өтініш берілген күн бойынша қалыптастырылатын кезектілікке сәйкес жыл ішінде әлеуметтік қызметтермен және техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын арттыру және оңалту құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі - Портал) іске қосылды, ол мүгедек адамдарға оңалту құралдары мен әлеуметтік қызметтерді мемлекет кепілдік берген бағалар бойынша тікелей жеткізушілерден өз бетінше сатып алуға мүмкіндік беретін автоматтандырылған жүйе болып табылады. Қосымша порталда азамат оларды таңдаған кезде қосымша ақы төлеген жағдайда неғұрлым қымбат тауарлар мен қызметтерді сатып алу мүмкіндігі ұсынылады.
Жергілікті бюджет қаражатынан мүгедектігі бар адамдарға қосымша мынадай көмек көрсетіледі:
оқу кезеңіне ай сайын (қыркүйек-мамыр) үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға 8 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленеді;
барлық топтағы мүгедектерге байланысты шығындарды өтеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:-
оңалту орталықтарына және кері қайтуына 3 АЕК мөлшерінде;
нақты шығындар мөлшерінде дәрілік заттарды сатып алумен, 30 АЕК-тен аспайды;
Жедел емдеуге 50 АЕК мөлшерінде.
Өткен жылдан бастап бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға ілесіп жүретін адамдарға тұру және тамақтану үшін нақты шығындар мөлшерінде жылына 1 рет санаторий - курорттық емделуге жұмсалған шығындарды өтеу бойынша әлеуметтік көмек көрсетіледі, бірақ кепілдік берілген соманың 70% - нан аспайды.
Мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оңалту шеңберінде ауданда меншік нысанына қарамастан жыл сайын аудан кәсіпорындарында жұмыс орындарына квота белгіленеді. Қостанай облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілетін жұмыс орындарының жалпы санының 50 адамнан астамы - 2%, 100 адамнан астамы -3%, 250 адамнан астамы-4% жұмыс істейтін штат санымен.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары шеңберінде барлық топтағы мүгедектігі бар адамның 400 АЕК мөлшерінде өз ісін ашу үшін грант алуға құқығы бар.
Салық жеңілдіктері:
Мүгедектігі бар жеке тұлғалар, сондай-ақ мүгедектігі бар балалардың, «Бала кезінен мүгедек» деп танылған адамдардың ата-аналары (қамқоршылары, асырап алушы ата-аналары) ЖТС төлеуден босатылмайды. Алайда, ҚР СК 346-бабы бойынша олар күнтізбелік жылға 882 АЕК мөлшерінде қосымша салық шегеріміне құқылы (2025 жылы = 3 468 024 теңге).
1 және 2 топтағы мүгедектер, егер мүгедектік белгіленген болса, міндетті зейнетақы жарналарынан мерзімсіз босатылады;
барлық топтағы мүгедектер сондай ақ бала кезінен мүгедектің немесе мүгедек баланың ата анасының бірі жер салығынан босатылады;
1,2,3 топтағы мүгедектер өздеріне тиесілі барлық салық салу объектілерінің құнынан 1500 АЕК шегінде мүліктік салықтан босатылады;
1,2,3 топтағы мүгедектер бір көлік құралына салынатын салықтан босатылады.
Медициналық қамтамасыз ету:
Барлық топтағы мүгедектер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқылы. Барлық топтағы мүгедектердің МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы бар, себебі мүгедектігі бар адамдар мемлекет жарналарды төлейтін санатқа жатады.