
Турнирге түрлі жастағы және дайындық деңгейіндегі 95 шахматшы қатысты. Олардың қатарында — мектеп оқушылары, студенттер және ересек әуесқойлар болды. Бұл жарысқа ойын стилінің әртүрлілігі мен ерекше тартымдылық қосты.
Турнир регламенті бойынша 9 тур швейцарлық жүйемен, 10 минут + әр жасалған жүріс үшін 5 секунд уақыт бақылауымен өткізілді.
Қызу әрі тартысты бәсекеде үздік шахматшылар анықталды:
1 орын — Набиев Иман
2 орын — Салимов Руслан
3 орын — Шудегов Кирилл
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдар және тиісті дәрежедегі грамоталармен марапатталды.
Барлық қатысушыларға сәттілік және жаңа жеңістер тілейміз!
Іс-шара ұйымдастырушысы — мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында MOO «DamU.KST».
Тапсырыс беруші: Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы.