
Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің аумағында телекоммуникациялық қызметтердің сапасын арттыру үшін Первомайское селосында және Лесное селосында «Кар – Тел» ЖШС (Beeline Қазақстан) заманауи ұялы байланыс жабдығы орнатылып, пайдалануға берілді.
Жаңа базалық станциялар:
- тұрақты дауыстық байланыс;
- жақсартылған аумақты қамту;
- 4G стандартының жоғары жылдамдықты мобильді интернеті;
- төтенше жағдайларда байланыстың сенімділігін арттыру.
Желіні жаңғырту округтің барлық тұрғындары мен ұйымдары үшін байланыстың жайлылығын және мобильді интернеттің сапасын арттыруға бағытталған.