2020 жылдың 16 қазанында Н.Ж.Қатарбековтың төралығымен Меңдіқара ауданы әкімінің жанындағы кеңесі өтті

2020 жылдың 16 қазанында Н.Ж.Қатарбековтың төралығымен Меңдіқара ауданы әкімінің жанындағы кеңесі өтті

Сөз сөйлегендер:

Ж.М. Тәженова – «Меңдіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдер бөлімінің басшысы. "Меңдіқара ауданындағы тілдерді дамыту мен оқытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы" тақырыбындағы баяндама жасады. Ағымдағы жылы тіл саясатын жүзеге асыру бойынша мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін ақшалай қаражат бөлінді. Олар халықтың тілдерді үйренуіне, мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шаралар өткізуге бағытталған.

В. В. Габун-Меңдіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы. "Сыбаға" бағдарламасын іске асыру бойынша Меңдіқара ауданындағы мал шаруашылығы саласын дамыту туралы»бағдарламасын жүзеге асыруы бойынша сөз сөйледі.

Н. Н. Жанайдарова-Меңдіқара ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы. "Бюджет қаражатын игеру және Мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы" тақырыбында баяндама жасады. Меңдіқара ауданының 2020 жылға арналған бюджеті өткен жылмен салыстырғанда 31% - ға артты. Меңдіқара ауданы бюджетінің кіріс бөлігі 2020 жылдың 9 айында 101,8% - ға жетті.

А.А .Амантаев– Меңдіқара ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы. 2020 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша мемлекеттік бюджет түсімдері жоспарының орындалуы 100,8% - ды құрады.

О.С. Черненская.– Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы. Меңдіқара ауданының аумағында өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру мақсатында мынадай жұмыстар жүргізілді:

– "Меңдіқара үні" газетінде "БЖК-2025" шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын егжей-тегжейлі түсіндірумен шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бойынша өңірлік қаржыландыру шеңберінде кредиттеу шарттарын түсіндіру жайлы мақалалар жарияланды. Кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары бойынша Ауылдық округтарға ақпарат таратылды.