ЖАДНАМА ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру туралы

ЖАДНАМА ауыл шаруашылығы  жануарларын  бірдейлендіру  туралы

«Ветеринария  туралы» Қазақстан Республикасы  Заңының  25-бабының  5) тармақшасына  сәйкес  ауыл  шаруашылығы  жануарларын  бірдейлендіруді  қамтамасыз  ету  жеке  және  заңды  тұлғалардың  міндеті  болып  табылады.

Ауыл шаруашылығы жануарларынбірдейлендірупроцедурасы  Қазақстан  Республикасы  Ауыл  шаруашылығы  министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығыменбекітілген Ауыл шаруашылығы  жануарларын бірдейлендіру  қағидалары негізінде  жүзеге  асырылады.

Ауыл шаркашылығы жануарларыныңтөлі мынадай жасқажеткен күнінен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіріледі:

- бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туғаннан  бастап  жеті  күн  өткен  соң;

- 4 айлықтан  құлындар;

            Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру рәсіміне мыналар кіреді:

1)осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тәсілдердің  бірімен  ауыл  шаруашылығы  жануарларына  жеке  нөмір беру;

2)ауылшаруашылық  жануарларын бірдейлендіру бойынша мәліметтер  базасына  ақпаратты  енгізу;

3)осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан  бойынша  ветеринариялық  паспорт беру.

Жеке нөмірді беруауыл шаруашылығы жануарларының түріне қарай келесі тәсілдердің бірімен жүргізіледі:

1)сырғалау (тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын, өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған ірі қара мал, ұсақ мал, түйелер,шошқаларжәнеторайлар үшін).Ауылшаруашылығы жануарларының сырғалары өмір бойы шешілмейді.

Ауыл  шаруашылығы  жануарларын  бірдейлендіруге  арналған  өнімдер (құралдар) бүлінген  немесе  жоғалған  жағдайда (ауыл  шаруашылығы  жануарының  жеке  санын  анықтау  мүмкін  болмаған  жағдайда) жануардың  иесі  тиісті  әкімшіліқ-аумақтық  бірліктің  ветеринариялық  ұйымына  жүгінеді. Ауыл  шаруашылығы  жануарларын  қайта  бірдейлендіру  осы  Қағидаларда белгіленген  тәртіппен  иесі  өтініш  берген  күннен бастап  он  бес  күннен  аспайтын  мерзімде  жануарға  жаңа  жеке  нөмір  бере  отырып  жүзеге  асырылады.

2)жасау немесе чиптеу (жылқылар  үшін).

Ауыл шаруашылық жануарларын  сәйкестендіруді «Меңдіқараауданының ветеринарлық станциясы» КМК және ветеринариялық дәрігерлер ветеринариялық пункт және ауылдық округтер әкімдері.

Жеке  және  заңды  тұлғалар  «Ветеринария  туралы» Қазақстан  Республикасы  Заңының  25-бабының  6) тармақшасына  сәйкес  алынған  төл, жаннуардың  сатып  алынғаны, сойылғаны, сатылғаны  және  өлгені  туралы  ветеринария  қызметін  хабардар  етуге  міндетті  жануардың.

 

ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 406-бабының 9-тармағына сәйкес  жануарларды  сатып  алу, ұрпақтарын  алу, сою, сату  және  өлімі туралы ветеринарлық қызмет органдарына  хабарламау, ескерту  немесе  жеке тұлғаларға 5, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық  емес ұйымдарға 25, орта бизнес үшін – 50, ірі кәсіпкерлікке – 100 ең төменгі  есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

 

 

 

«ҚР АШМ ВБжҚК Меңдіқара  ААИ»ММ Боровское  ауылы,  Алтынсарин  көшесі  83,  тел.: 2-40-94